Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысы 29.01.2013 N 24/1-23/88 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңы 17-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
1. "Екібастұз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлім) (келісім бойынша) 2012 жылдың қаңтар - наурызында 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтардың, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген ересек жастағы азаматтардың тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
2. Павлодар облысының Екібастұз қаласы бойынша денсаулық сақтау бөліміне (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде:
1) азаматтардың медициналық куәландыруын қамтамасыз ету;
2) дәрі-дәрмекпен, медициналық мүліктермен және шаруашылық мүліктерімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Екібастұз қаласының ішкі істер басқармасына (келісім бойынша):
1) қылмыстық жауапкершілікке тартылған, тергеуде жүрген, сотталған, ішкі істер органдарында есепте тұрған 1995 жылы туған азаматтардың тізімін Қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімге табыстасын;
2) комиссиядан өтуге себепсіз келмей жүрген, 1995 жылы туған жастарды, оларды тіркеу комиссиясына Қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімнің жеке іздестіру қағазы бойынша міндетті түрде жеткізе отырып, іздестіру бойынша шұғыл шаралар қолдану ұсынылсын.
4. Екібастұз қаласы ауылдық округтердің, кенттердің және ауылдардың әкімдері 1995 жылы туған жастарды кестеге сәйкес тіркеу жөніндегі комиссияға 100 %-ға келуін, шақыру учаскесіне жеткізілуін және тәртіп сақталуын қамтамасыз етсін.
5. Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы А. Құрманова тіркеу өткізуге байланысты шығындарды қаржыландыруды осы бағдарлама бойынша қала бюджетін қаржыландырудың 2012 жылға бекітілген жоспарына сәйкес қалалық бюджет есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
6. Барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары, ауылдық округтердің, кенттердің және ауылдардың әкімдері осы шешімнің орындалу барысы туралы ай сайын 10 (оныншы) күнге ақпарат беріп отырсын.
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А. Мардановаға және Қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімнің бастығы Қ. Құсаиновқа (келісім бойынша) жүктелсін.
8. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк
КЕЛІСІЛДІ
Павлодар облысы денсаулық сақтау
басқарманың бастығы А. Кузеков
2011 жылғы 29 желтоқсан
КЕЛІСІЛДІ
Екібастұз қаласы ішкі істер
басқарманың бастығы Д. Сиразидимов
2011 жылғы 29 желтоқсан
КЕЛІСІЛДІ
Екібастұз қаласы қорғаныс
істері жөніндегі біріктірілген
бөлімінің бастығы Қ. Құсаинов
2011 жылғы 29 желтоқсан