Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 04.12.2013 N 9/23 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Лебяжі ауданы бойынша 2012 - 2013 жылдарға арналған бірыңғай тіркелген салық ставкалары салынатын объектілер түріне байланысты көрсетілген шешімінің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджеттік саясат, әлеуметтік сала, заңдылық сақтау және адам құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Шаймарданов
Аудандық мәслихат хатшысы Қ. Әлтаев
Лебяжі аудандық мәслихаттың
(V сайланған V сессиясы)
2012 жылғы 23 сәуірдегі
N 3/5 шешіміне
қосымша
N | Салық салынатын объектінің атауы | Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
---|---|---|
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған,ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютері |
1 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
5 |
Карт |
2 |
6 |
Бильярд үстелі |
3 |