1995 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылы Павлодар ауданы қорғаныс істері бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуін өткізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы N 1-Ш шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 10 ақпанда N 12-11-153 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімі аппарат басшысының 2013 жылғы 31 желтоқсандағы N 33/1-20/676 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімі  аппараты басшысының 31.12.2013 N 33/1-20/676 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабы 3 тармағына   Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" N 371  қаулысына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
      1) 2012 жылдың қаңтар – наурызында айларында есепке алу жылында он жеті жасқа толған ер азаматтарды, сонымен қатар жасы асқан, бұрын есепке алынбағандарды "Павлодар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – шақырту учаскесі) есепке алу жұмыстары жүргізілсін.
      2. Ауданның селолық округ әкімдері бағыныштылдығы мен меншік нысанына байланыссыз ұйымдар мен мекемелердің басшылары (келісім шарт бойынша):
      1) есепке алынатын азаматтарды уақытылы хабарлаумен қатар шақырту учаскесіне мезгілінде жеткізуді қамтамасыз етсін;
      2) есепке алынатын азаматтарды әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке алуға байланысты міндеттерді орындау үшін кажетті уақытқа жұмыстан (оқудан) босатсын.
      3. "Павлодар ауданының емханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша):
      1) есепке тұратын азаматтарды медициналық анықтаудан өткізу үшін маман-дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді тағайындасын;
      2) есепке алынатын азаматтарды тексеруді және емдеуді ұйымдастырсын.
      4. "Павлодар ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
      1) шақырту учаскесінде шақырту комиссиясының жұмысы кезенінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін;
      2) әскери міндетті атқарудан бас тартушыларды іздеуде және ұстауды жүргізсін.
      5. "Павлодар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) аудан әкіміне есепке алуды өткізу нәтижелері туралы ақпарат ұсынсын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.В. Губаревқа жүктелсін.
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Т. Бастенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Павлодар ауданы қорғаныс
      істері бөлімінің бастығы                   Н. Шамкенов
      2012 жылғы

      Павлодар ауданы ішкі істер
      бөлімінің бастығы                          Т. Садыков
      2012 жылғы

      "Павлодар ауданының емханасы"
      КҚМК-ның бас дәрігері                      Т. Жұматаев
      2012 жылғы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады