2012 жылы Успен ауданында жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар және Жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 09 қаңтардағы N 3/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 26 қаңтарда N 12-12-121 тіркелді. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Успен аудандық әкімі аппаратының 2014 жылғы 26 тамыздағы N 1-18/555 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Успен аудандық әкімі аппаратының 26.08.2014 N 1-18/555 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 5-7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысына сәйкес, халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Успен ауданы бойынша халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін.
      2. Уақытша жұмыс орындарын ашу және ұсыну арқылы Жастар практикасы ұйымдастырылсын.
      3. Успен ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) келісім шарт бойынша жұмыс берушілермен (келісім бойынша) халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырсын;
      2) келісім шарт бойынша жұмыс берушілермен (келісім бойынша) орта кәсіптік және жоғары білімі бар, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері арасында тіркелген жұмыссыздарға Жастар практикасын ұйымдастырсын.
      4. Успен ауданының "Қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар практикасын аудандық бюджетінен бөлінген қаражат көлемінде уақытылы қаржыландырумен қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылауы аудан әкімінің орынбасары А.А.Дисюповаға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Әутәлипов

Успен ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 9 қаңтардағы
N 3/1 қаулысына    
қосымша        

Успен ауданы бойынша халықтың нысаналы
топтарына жататын қосымша тізбесі

      1) Дәрігерлік-ұжымдық комиссияның анықтамасы бойынша еңбек етуге шектеуі бар тұлғалар;
      2) үлкен жастағы тұлғалар (50 жастағы және одан үлкен);
      3) Жұмыс өтілі және мамандығы жоқ тұлғалар;
      4) Үш ай және одан аса жұмыс істемеген тұлғалар;
      5) 29 жасқа дейінгі жастар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады