Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 11.12.2013 N 02.14/03-03/2710 хаты)
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес қала әкімі ШЕШТІ:
1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2013 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу және медициналық тексеру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін (келісім бойынша).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ш.Т. Кариноваға жүктелсін.
3. Осы шешім оны алғашқы рет жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Б. Жұмабеков
КЕЛІСІЛДІ
«Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Д. Ғабдуллин
4 желтоқсан 2012 жыл