Айыртау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға әлеуметтік шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы N 5-5-1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 шілдеде N 13-3-159 тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 8 сәуірдегі N 44 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 08.04.2013 N 44 хаты)

      2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 89-тармақтарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Аудан әкімімен айтылған қажеттіліктерді есепке ала отырып, Айыртау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулықты сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына берілсін:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
      2. Осы шешім алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың V кезектен тыс        Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрайымы                       хатшысы
      Р. Тілеубаева                              Р. Тілеубаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады