"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттiк қызмет регламентiн бекiту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртпау аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі N 387 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 29 қазанда N 1917 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 23 мамырдағы N 223 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 23.05.2013 N 223 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3137-баптарына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 51 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің орынбасары М.С.Қаскеевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Жанділдин

Айыртау ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 387
қаулысымен бекітілді

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет регламенті 1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет Регламентінде (бұдан әрі - регламент) келесі ұғымдар қолданылады:
      1) ауылдық аумақтарды дамыту жөнiндегi уәкілетті орган – «Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      2) бюджеттік несие - «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» (бұдан әрі - қаулы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 бекітілген қаулысымен белгіленген мөлшерде тұрғын үй алуға немесе салуға бюджеттік несие түрінде тұтынушыларды әлеуметтік қолдау шарасы;
      3) көтерме жәрдемақы – қаулымен белгіленген мөлшерде бір жолғы ақшалай төлем түрінде тұтынушыларды әлеуметтік қолдау шарасы;
      4) сенім білдірілген өкіл (агент) - аудан әкімінің атынан және оның тапсырмасы бойынша тұтынушыларға берілетін бюджеттік несиелерді қамтамасыз ету бойынша қызметтерді атқаратын қаржы агенттігі.
      5) тұрақты жұмыс істейтін комиссия – аудандық мәслихат депутаттарынан, ауданның атқарушы органдары мен қоғамдық ұйымдары өкілдерінен тұратын тұтынушыларға әлеуметтік қолдау шарасын көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін әкімдікпен құрылатын алқалық орган.

2. Жалпы ережелер

      2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      3. Мемлекеттік қызмет осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мекенжай бойынша «Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік қызмет «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабы 8-тармағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысы, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 51 қаулысы негізінде көрсетіледі.
      7. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі көтерме жәрдемақы немесе бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шаралары, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      8. Мемлекеттік қызмет ауылдық елді-мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына: денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринария мамандықтары бойынша жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі ұйым, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім ұйымдарын тәмамдаған түлектерге, сондай-ақ жоғарыда аталған білімі бар қалада және басқа елді мекенде тұратын және ауылдық елді мекенде жұмыс істеуге және тұруға тілек білдірген мамандарға беріледі (бұдан әрі - тұтынушылар).
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілерін осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету орындарында уәкілетті органның стенділерінде алуға болады.
      10. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері, кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, 13-00-ден 14-00 сағатқа дейінгі түскі үзіліспен, 9-00-ден 18-00 сағатқа дейін көрсетіледі.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету орындары ақпараттық стенділермен, құжаттарды толтыру үлгілері бар тағандармен жабдықталады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) осы регламенттің 13-тармағында белгіленген қажетті құжаттар тұтынушымен тапсырылған сәттен бастап:
      отыз тоғыз күнтізбелік күн ішінде көтерме жәрдемақы төленеді;
      отыз екі күнтізбелік күн ішінде осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Келісім жасау рәсімдерін жүзеге асырады және Келісім жасағаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде тұрғын үй салуға немесе алуға бюджеттік несие беріледі;
      әлеуметтік қолдау шараларын беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде дәлелді жауапты тұтынушыға жолдайды;
      2) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің жол берілетін ең көп уақыты он минуттан аспайды;
      3) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты отыз минуттан аспайды.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы уәкілетті органға мыналарды ұсынады:
      1) осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
      2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) жаңа жұмыс орны бойынша кадрлық қызметпен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;
      4) азаматтарды тіркеу кітапшасының (үй кітапшасы) көшірмесі немесе тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтама;
      5) білімі туралы дипломның көшірмесі;
      6) салық төлеушінің тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;
      7) жеке әлеуметтік кодты беру туралы куәліктің көшірмесі;
      8) жылжымайтын мүлікті бағалау актісі (несие алу үшін);
      9) тұрғын үй салу үшін ұсынылған жер телімін пайдалану құқығына акті.
      Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларымен және көшірмелерімен беріледі, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға өтініш берген күні қайтарылады.
      14. Өтініш бланкісі уәкілетті органның лауазымды тұлғасымен беріледі.
      15. Тұтынушымен толтырылған өтініш және мемлекеттік қызмет алу үшін талап етілетін қоса берілетін құжаттар уәкілетті органның жауапты маманына тапсырылады.
      16. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет алу үшін барлық қажетті құжаттарды тұтынушының тапсырғандығын растайтын және онымен әлеуметтік қолдау шараларын алу күні көрсетілетін қолхат беріледі.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі тұтынушыға байланыс телефоны бойынша не уәкілетті органға өзі барған кезде хабарланады.
      18. Бас тартуға негіздеме осы регламенттің 13-тармағында көрсетілген күмәнді құжаттарды беру дерегі болып табылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттестік) тәртібінің сипаттамасы

      19. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан өтініш алған мерзімнен бастап және мемлекеттік қызмет нәтижесін беруге дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1) тұтынушы уәкілетті органға өтініш береді және қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесін тапсырады;
      2) уәкілетті органның жауапты маманы құжаттарды қабылдауды және өтінішті тіркеуді жүзеге асырады, тұтынушыға олармен әлеуметтік қолдау шараларын алу күні көрсетілген қолхат береді және уәкілетті органның басшысына тапсырады;
      3) уәкілетті органның басшысы келіп түскен құжаттармен танысуды жүзеге асырады және жауапты орындаушыға жолдайды;
      4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын, ұсынылған құжаттардың сенімділігін (күмәнді құжаттарды тапсырған жағдайда үш жұмыс күні ішінде тұтынушыға бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі) тексереді, қаржы қаражатының қажеттілігіне есеп жүргізеді және құжатты қабылдаған күннен бес күнтізбелік күн ішінде тұрақты жұмыс істейтін комиссияға (бұдан әрі - комиссия) қарауға жолдайды;
      5) комиссия уәкілетті органнан құжаттар келіп түскен күннен он күнтізбелік күн ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және әлеуметтік қолдау көрсету шараларын беру туралы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігіне ұсынады;
      6) аудан әкімдігі комиссияның ұсынысы келіп түскен сәттен он күнтізбелік күн ішінде тұтынушыға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы қаулы қабылдайды;
      7) қаулыны қабылдағаннан кейін жеті күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органмен басшысы тұлғасында, тұтынушы және сенім білдірілген өкіл (агент) арасында тұтынушыға әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы Келісім жасалады;
      8) Келісім жасағаннан кейін:
      уәкілетті орган жеті күнтізбелік күн ішінде көтерме жәрдемақы сомасын тұтынушылардың жеке есеп шотына аударады;
      сенім білдірілген өкіл (агент) Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте отыз жұмыс күні ішінде тұтынушыға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие береді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады (бұдан әрі – ҚФБ):
      1) уәкілетті органның жауапты маманы;
      2) уәкілетті органның басшысы;
      3) уәкілетті органның жауапты орындаушысы;
      4) тұрақты жұмыс істейтін комиссия;
      5) аудан әкімдігі;
      6) сенім білдірілген өкіл (агент).
      21. Әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (процедураларының) бірізділігі мен өзара әрекетін мәтіндік кестелік сипаттау әр әкімшілік әрекеттің (процедураның) орындалу мерзімін көрсетумен осы регламенттің 4-қосымшасында келтірілген.
      22. Мемлекеттік қызмет көрсету және ҚФБ процесіндегі әкімшілік әрекеттердің қисынды бірізділігі арасындағы өзара әрекетті көрсететін сызба осы регламенттің 5-қосымшасында келтірілген.

5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      23. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын уәкілетті органның басшысы және лауазымды тұлғалар, тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелері (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар болып табылады.
      Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметті сапалы және тиімді көрсетуге, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртібінде белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға, мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы олармен қабылданатын шешімдерге және әрекеттерге (әрекетсіздік) жауап береді.

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге
және тұруға келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына
әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша уәкілетті орган

Бөлімнің атауы

Заңды мекенжайы

Жұмыс кестесі

Байланыс телефоны

«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл селосы, Сыздықов көшесі,4

Күн сайын сағат 9.00-ден бастап, 18.00-ге дейін 13.00-14.00 түскі үзіліс, демалыс-
сенбі және жексенбі

8(71533)2-17-17, 2-14-32

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге
және тұруға келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына
әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»
мемлекеттік қызмет регламентіне 2-қосымша

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы келісім

      20 ___ жылғы «____» ___________ _______________елді мекен

«____________________________________» мемлекеттік мекеме басшысы __________________ тұлғасында, бұдан әрі «Әкімшілік» бір тараптан, әлеуметтік көмек алушы __________________, бұдан әрі «Алушы» екінші тараптан және __________________, бұдан әрі «Сенім білдірілген өкіл (агент)» үшінші тараптан төмендегідей туралы өзара міндеттемелердің осы Келісімін жасасты:

1. Келісім мәні

      Тараптар өзара келісім мен жауапкершілікті ескере отырып, қандай да бір тараптан мәжбүрлеусіз, өзіне толық көлемде орындалуы тиіс міндеттерді қабылдайды, атап айтқанда:
      1. Әкімшілік ______________ аудандық мәслихат (20 __ жылғы «__» ________ № __) шешімінің негізінде, өзіне төмендегідей әлеуметтік қолдау шараларын беруге міндеттеме қабылдайды:
      1) _____ теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы;
      2) _____ жыл мерзімімен _____ теңге мөлшерінде тұрғын үй сатып алуға/ салуға бюджеттік несие.
      2. Алушы жоғарыда аталған әлеуметтік қолдау шараларын алу кезінде ______________ елді мекенде орналасқан ______________ (денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринария) ұйымында кемінде 5 жыл жұмыс істеуге өзіне міндеттеме алады.
      3. Сенім білдірілген өкіл (агент) тапсырма шартының негізінде әкімшілік атынан және есебінен әрекет етуге және бюджеттік несиелендіруге байланысты тапсырмамен анықталған оның көрсеткіштеріне сәйкес өзіне міндет алады.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      1. Әкімшілік құқығы:
      1) тұтынушыдан осы Келісімге сәйкес өзіне жүктелген міндеттемелерді сапалы және тиісті түрде орындауды талап ету;
      2. Әкімшілік міндетті:
      1) аудан (облыстық маңыздағы қала) әкімдігінің қаулысын қабылдағаннан кейін он жұмыс күні ішінде және осы Келісімнің негізінде тұтынушының жеке есеп шотына белгіленген көтерме жәрдемақы сомасына аудару.
      3. Алушы құқылы:
      1) комиссияның жұмыс органы талаптары бойынша қажетті құжаттарды беру кезінде әлеуметтік қолдау шараларын таңдауға ерікті;
      2) әкімшілік бастамашылығы бойынша немесе өндірістік жағдайларға байланысты бес жылдық мерзімі аяқталғанға дейін басқа елді мекендерге жұмысқа ауысу кезінде әлеуметтік қолдау шараларын алуға құқығын сақтауға.
      4. Алушы міндетті:
      1) әлеуметтік қолдау шараларын алған күннен 60 жұмыс күні ішінде комиссияның жұмыс органына бюджеттік қаражатты нысаналы пайдалану туралы растайтын құжаттар беру;
      2) жеке меншікке алынған / салынған жылжымайтын мүлікті әділет органында тіркегеннен кейін бес жылдан кем емес мерзіммен осы Келісімді қамтамасыз ету бойынша кепіл ретінде сенім білдірілген өкілге (агентке) тұрғын үй құжаттарының түпнұсқаларын беру;
      3) тоқсан сайын жұмыс органға жұмыс орнынан анықтама беріп тұру;
      4) осы Келісімнің шарттарын орындамаған кезде алынған бюджеттік қаражатты әлеуметтік қолдау шаралары ретінде толық көлемде қайтаруын қамтамасыз ету;
      5. Сенім білдірілген өкіл (агент) құқылы:
      1) алушымен есеп жүргізу;
      2) алушының қаржы жағдайына мониторинг жүргізу.
      6. Сенім білдірілген өкіл (агент) міндетті:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджеттік несиеге қызмет көрсету;
      2) несиелік шарт бойынша әлеуметтік қолдау шараларын алған маман міндеттерінің орындалуына мониторинг жүргізу;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алушымен берешекті төлетуді жүзеге асыру.

3. Дауларды шешу

      1) Осы Келісімді орындау кезінде туындауы мүмкін барлық мәселелер мен таластар мүмкіндігіне қарай Тараптар арасында келіссөздер жолымен шешіледі.
      2) Егер мәселелер мен таластар келіссөздер жолымен реттелмеген жағдайда, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес соттық тәртіппен шешуге жатады.

4. Келісімінің әрекет ету мерзімі

      1) Осы Келісім тараптармен қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
      Келісімнің әрекет ете бастауы 20 ___ «___» _________.

1) Келісім бірдей заңды күші бар үш данада құрастырылған.

5. Тараптардың заңды мекенжайы

      Әкімшілік             Алушы      Сенім білдірілген өкіл (агент)
      ________________ _________________ ____________________
      ________________ _________________ ____________________
      ________________ _________________ ____________________

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге
және тұруға келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына
әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша

____________________ аудан
(облыстық маңызы бар қала)
___________________облыс әкімі
______________________________
Аты – жөні, тегі
______________________________
өтініш берушінің мекен жайы
______________________________
жұмыс орны, лауазымы
______________________________
тегі, аты, әкесінің аты

Өтініш

      Сізден Келісім (қоса беріледі) шарттарында және мөлшерінде көтерме жәрдемақы төлеуге және/немесе тұрғын үй сатып алуға/ салуға бюджеттік несие ресімдеуге құқығын беруді сұраймын.

____________ ____________
күні                қолы

      Құжаттар қабылданды.
20 ____жылғы «___» __________
____________ ______________________________________________
      қолы құжатты қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә. _____________________________________________________________________(кесу сызығы)

      Өзгерістен туындаған жағдайда 15 жұмыс күні ішінде олар туралы хабарлауға міндеттенемін. Жалған ақпараттар мен жасанды құжаттар бергені үшін жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде ескертілді.
      20 ____жылғы «___» __________ __ дана қоса берілген құжаттар санымен ____________ азаматтың (азаматшаның) өтініші қабылданды.
      ____________ ______________________________________________
      қолы            құжатты қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә.

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге
және тұруға келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына
әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»
мемлекеттік қызмет регламентіне
4-қосымша
 

Әрбір ҚФЕ әкімшілік әрекеттердің (шаралардың) бірізділігі мен өзара әрекеттерін мәтіндік кестелік сипаттау

Негізгі процестің әрекеттері (жұмыстың барысы, ағыны)


әрекеттің № (жұмыстың барысы, ағыны)

1

2

3

4

5

1

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Тұрақты жұмыс істейтін комиссия

Аудан әкімдігі

2

Әрекеттің атауы (процестің, рәсімнің, операцияның) олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, өтінішті тіркеу, қолхат беру және тұтынушы-
мен ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның басшысына беру

Тұтынушы-мен ұсынылған құжаттар-ды қарастыру

Құжаттар-
дың толықтығын, ұсынылған құжаттар-
дың дұрыстығынтексеру (күмәнді құжаттарды тапсырған жағдайда үш жұмыс күні ішінде тұтынушыға бас тарту туралы дәлелді жауап береді), қаржы қаражаты-
ның қажеттілі-гіне есеп жүргізеді және құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес күнтізбе-
лік күн ішінде комиссияға қарауға жолдайды

Ұсынылған құжаттарды қарау және тұтынушыға әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы әкімдікке ұсыну

Әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы қаулы қабылдау

3


Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық - өкімдік шешім)

Өтінішті тіркеу

Келіп түскен құжаттар-ды жауапты орындау-
шыға тапсыру

Бас тарту туралы дәлелді жауап не құжаттарды комиссияға жолдау

Ұсыныс

Қаулы

4

Орындалу мерзімдері

30 минуттан аспайды

1 жұмыс күн ішінде

Бас тартылған жағдайда 3 жұмыс күні ішінде тұтынушыға дәлелді жауап; 5 күнтізбе-
лік күн ішінде комиссияға жолдайды

10 күнтізбе-
лік күн ішінде

10 күнтізбе-
лік күн ішінде

5

Келесі іс-әрекет-
тің нөмірі

2

3

4

5

6

Негізгі процестің әрекеттері (жұмыстың барысы, ағыны)

әрекеттің № (жұмыстың барысы, ағыны)

6

7

Келісім жасағаннан кейін

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның басшысы, тұтынушы және сенім білдірілген өкіл (агент)

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Сенім білдірілген өкіл (агент)

Әрекеттің атауы (процестің, рәсімнің, операцияның) олардың сипаттамасы

Әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы Келісім жасау

Тұтынушының жеке есеп шотына көтерме жәрдемақы сомасын аудару

Тұтынушыға тұрғын үй сатып алуға немес салуға несие беру

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-
шылық - өкімдік шешім)

Келісім

Төлем есеп шоты

Несие беру

Орындалу мерзімдері

7 күнтізбелік күн ішінде

7 күнтізбелік күн ішінде

30 жұмыс күні ішінде

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

7


Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс

1 топ ҚФБ Уәкілетті органның жауапты маманы

2 топ ҚФБ
Уәкілетті органның басшысы

3 топ ҚФБ
Уәкілетті органның жауапты орындау-
шысы

4 топ ҚФБ
Тұрақты жұмыс істейтін комиссия

5 топ ҚФБ Аудан әкімдігі

6 топ ҚФБ Сенім білдірілген өкіл (агент)

№ 1 әрекет Құжаттарды қабылдау, өтінішті тіркеу, қолхат беру және тұтынушымен ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның басшысына беру

№ 2 әрекет
Тұтынушымен ұсынылған құжаттарды қарау, жауапты маманға тапсыру

№ 3 әрекет Құжаттарды толықтығын, ұсынылған құжаттар-
дың дұрыстығын тексеру, комиссияға жолдау

№ 4 әрекет
Ұсынылған құжаттарды қарау және тұтынушыға әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы аудан әкімдігіне ұсыну

№ 5 әрекет
Әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы қаулы қабылдау



№ 6 әрекет
Тұтынушымен және сенім білдірілген өкілмен (агентпен) бірлесіп әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы Келісім жасау

№ 7 әрекет Тұтынушы-
ның жеке есеп шотына көтерме жәрдемақы сомасын аудару



№ 8 әрекетТұтынушы-ға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие беру

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге
және тұруға келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына
әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»
мемлекеттік қызмет регламентіне
5-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету және ҚФБ процесіндегі әкімшілік әрекеттердің қисынды бірізділігі арасындағы өзара әрекеттесуді бейнелейтін сызбалар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады