Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімі аппаратының 11.04.2013 N 02.01-01-319 хаты)
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою мақсатында, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. 2013 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасы ер азаматтарының «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесінде (келісім бойынша) тіркеуі және медициналық куәландыруы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің орынбасары А.Ғ.Махметовке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А.Сейфуллин
КЕЛІСІЛДІ:
«Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Асқаров
19 желтоқсан 2012 жыл