«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы 16-бабына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. 2013 жылдың қаңтарынан бастап наурызға дейін тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасы ер азаматтарының «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі әскерге шақыру учаскесінде (келісім бойынша) тіркеуін және медициналық куәландырылуын ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. Осы шешімнің орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Қ.Айтмұхаметовқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданының әкімі А. Тастеміров
КЕЛІСІЛДІ:
«Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданының қорғаныс істер
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Т. Тұрабай
29 қараша 2012 жыл