Қызылжар ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 шілдедегі N 7/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 тамызда N 13-8-174. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы N 22/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 25.12.2013 N 22/8 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағына сәйкес, Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қызылжар ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне моншаға баруға және шаштараз қызметтері үшін айына бір мың теңге мөлшерінде;
      2) Қызылжар ауданы аумағында тұрақты тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға тіс протездеуге тапсырылған есеп-фактура бағасының мөлшерінде (асыл металдар және металлокерамика, металлоакрил протездерден басқа) жылына бір реттен артық емес;
      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға, көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталғандар немесе бұрын «Батыр ана» атағын алғандарға, сонымен қатар ІІІ дәрежелі «Аналық атақ» орденімен марапатталғандарға, «Көпшілік саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңына сәйкес
      ақталған тұлғаларға санаторлық-курорттық емделуге жылына бір рет жолдаманың нақты мөлшерінде;
      4) туберкулезбен ауыратын азаматтарға амбулаториялық емдеу кезеңінде қосымша тамақтандыруға айына бір мың теңге мөлшерінде.
      2. Белгіленсін:
      1) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне монша мен шаштаразға бару үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш тапсырған айдан бастап тағайындалады және өтініш иесінің қайтыс болғанына немесе оның ауданнан тыс жерге көшіп кетуіне байланысты тоқтатылады, төлемдер нұсқалған оқиғалар болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген түлғаларға тістерді протездеуге, тістерді протездеуге лицензиясы бар медициналық ұйыммен жүзеге асырылады, тіс протездеуге бағасының мөлшерінде (асыл металдардан, металлокерамика, металлоакрил протездерден басқа) аудан бюджетімен қарастырылған қаражат шегінде тағайындалады;
      3) жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдер ақшалай қаражатты алушының дербес есепшотына екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің банкілік операцияларына сәйкес түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы ауыстырумен ағымдағы айдың жиырмасына дейін жүзеге асырылады.
      3. Әлеуметтік көмек көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржылық жылда осы мақсаттарға қарастырылған «Жергілікті өкілетті органдар шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» 451 007 000 бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
      4. Қызылжар ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      5. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                          Аудандық
      сессиясының төрағасы                       мәслихат хатшысы
      Н. Рақымов                                 А. Молдахметова

      КЕЛІСІЛГЕН:

      Қызылжар аудандық
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          Н. Сұлтанғазин

Аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 30 шілдедегі № 7/ 4
шешіміне қосымша

Қызылжар ауданының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар тізімі

      1. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар:
      Әлеуметтік көмекке жүгінген тұлғаның өтініші (бұдан әрі- өтінуші);
      Өтінушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      Мүгедектік, Ұлы Отан соғысы қатысушы немесе оларға теңестірілгені туралы, «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталғандар көп балалы аналарға немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сонымен қатар І, ІІ дәрежелі «Аналық атақ» орденімен марапатталған тұлғалардың жеке куәліктің көшірмесі;
      «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңына сәйкес ақталған тұлғаның оңалту туралы құжаттың көшірмесі;
      өтінушінің дербес шотының көшірмесі;
      өтінушінің мекен-жайын растайтын құжаттың көшірмесі;
      белсенді туберкулезбен ауыратындарды қосымша тамақтандыру арқылы әлеуметтік көмек көрсетілетін кезде, өтініш беруші амбулаториялық емделуде тұрғандығы туралы аумақтық медициналық мекемеден анықтама;
      тіс протезіне және санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсетілгенде, медициналық ұйымнан көрсетілген қызмет туралы есеп-фактура;
      санаторлық–курорттық емделу қажеттігі туралы санаторлық–курорттық карта;
      Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан арнайы мемлекеттік жәрдемақы алу статусын растау туралы анықтама.
      2. Тексерілген соң құжаттардың түпнұсқалары өтінушіге қабылданған күні қайтарылып беріледі, ал көшірмелері куәландырылғаннан кейін іс құжаттарына тіркеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады