Тимирязев ауданының Ақжан селолық округінің Ақжан және Ақсуат селолық округінің Ақсуат селоларында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 19 қарашадағы N 323 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 23 қарашада N 1967 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 2 мамырдағы N 116 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 02.05.2013 N 116 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, Тимирязев ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Ақжан селолық округіндегі Ақжан селосының аймағында Ньюкасл ауруы бойынша карантин іс-шараларымен ветеринариялық режимін белгілеу туралы» 2012 жылғы 14 қарашадағы № 15-06/121, «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Ақсуат селолық округіндегі Ақсуат селосының аймағында Ньюкасл ауруы бойынша карантин іс-шараларымен ветеринариялық режимін белгілеу туралы» 2012 жылғы 14 қарашадағы № 15-06/122 ұсыныстары негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Ақжан селолық округінің Ақжан және Ақсуат селолық округінің Ақсуат селоларында құстардың Ньюкасл ауруының анықталуына байланысты карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Тимирязев аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (Беккер В.О.) (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары А.Т. Ысқақовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тимирязев ауданы
      әкімінің міндетін атқарушы                 А. Ысқақов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Тимирязев
      аудандық аумақтық инспекциясы»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            В.О. Беккер
      2012 жыл 19 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады