Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 396 "Атырау облысы бойынша жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 209 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 6 тамызда № 2616 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 125 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2013.03.29 № 125 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1429 "Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 ақпандағы № 102 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау облыс әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 396 "Атырау облысы бойынша жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2604 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 мамырдағы № 49 "Атырау" газетінде жарияланды) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiлер ресiмдеу және беру" мемлекеттiк қызмет регламентінде:
      10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "1) тұтынушы осы Регламенттің 15-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi  6 жұмыс күнiн құрайды, жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiнiң телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күнi;";
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер ресiмдеу және беру" мемлекеттiк қызмет регламентінде:
      10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "1) тұтынушы осы Регламенттің 15-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi  6 жұмыс күнiн құрайды, жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiнiң телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күнi;";
      3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiлер ресiмдеу және беру" мемлекеттiк қызмет регламентінде:
      10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "1) тұтынушы осы Регламенттің 15-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi  6 жұмыс күнiн құрайды, жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiнiң телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күнi;";
      4) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығына актiлер ресiмдеу және беру" мемлекеттiк қызметрегламентінде:
      10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "1) тұтынушы осы Регламенттің 15-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi  6 жұмыс күнiн құрайды, жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiнiң телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күнi;".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.О. Исмұратовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Б. Рысқалиев

"КЕЛІСІЛДІ"
      Атырау облысы бойынша Қазақстан
      Республикасы Көлік және коммуникация
      министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді
      автоматтандыруды бақылау және халыққа
      қызмет көрсету орталықтарының қызметін
      үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет
      көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу
      құқығындағы республикалық мемлекеттік
      кәсіпорны филиалының директоры             Қ. Қоныс
      2012 жылғы 4 шілде
      Жер ресурстары және жерге орналастыру
      мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығының
      Атырау еншілес мемлекеттік кәсіпорынның
      директоры                                  Қ. Теміров

      2012 жылғы 4 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады