Ескерту. Күші жойылды - Атырау қалалық мәслихатының 2013.06.21 № 126 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағы 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн 5 000 (бес мың) теңге мөлшерiнде бiржолғы әлеуметтiк көмек берiлсiн.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Атырау қалалық мәслихаттың "Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар және спорт ісі, әйелдер істері және отбасылық–демографиялық саясат мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
VII сессия төрағасы,
қалалық мәслихат хатшысы Б. Қазиманов