Әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 117 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 3 мамырда № 4-6-128 тіркелді. Күші жойылды - Индер аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 13 ақпандағы № 53 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Индер аудандық әкімдігінің 2013.02.13 № 53 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасын, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабын және аудандық Мәслихаттың 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 335-ІV "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешімін басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған аудан азаматтарына ай сайын 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. "Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып анықталсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Балахметовке тапсырылсын.
      4. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                                Б. Сарсенгалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады