Мақаш ауылдық округіндегі "Иманов" селосы аумағына карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Мақаш ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 17 шешімі. Атырау облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 1 маусымда № 4-8-226 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Мақаш ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Мақаш ауылдық округі әкімінің 02.07.2012 № 20 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа алып, Атырау облысы Құрманғазы ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 01 ұсынысы негізінде ШЕШЕМІН:
      1. Мақаш ауылдық округі "Иманов" селосы аумағына мүйізді ірі қара малының құтыруының эпизоотиялық ошағының анықталуына байланысты карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
      3. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 3 сәуірінен пайда болған қатынастарға қолданылады.
      Округ әкімі К. Тукенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады