«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек аудандық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бәйдібек ауданының Шаян ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Алғабас ауылдық округінен жалпы көлемі 560,8 гектар, Жамбыл ауылдық округінен жалпы көлемі 694,46 гектар, Көктерек ауылдық округінен жалпы көлемі 621,33 гектар жер бөліктерінің қосылуымен Алғабас, Жамбыл, Көктерек және Шаян ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А.Мырзахметов
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Д.Әбіш
Облыстық мәслихат хатшысы Қ.Ержан