"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын мамандарға әлеуметтік көмек беру туралы" Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы 5 қарашадағы № 25/158-ІV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-2-84 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 26 желтоқсанындағы "Арыс ақиқаты" газетінің № 52 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен 2 (екi) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әлеуметтік көмек берiлсiн.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | А.Жауынбаев |
Қалалық мәслихат хатшысы | Қ.Баймурзаев |