Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы 5 қарашадағы № 25/158-ІV "Ауылдық елді мекендерде тұратын мамандарға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2012 жылғы 13 маусымдағы N 4/31-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 4 шілдеде N 14-2-133 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 11/78-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 24.03.2017 № 11/78-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын мамандарға әлеуметтік көмек беру туралы" Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы 5 қарашадағы № 25/158-ІV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-2-84 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 26 желтоқсанындағы "Арыс ақиқаты" газетінің № 52 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен 2 (екi) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әлеуметтік көмек берiлсiн.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы А.Жауынбаев
      Қалалық мәслихат хатшысы Қ.Баймурзаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады