Бәйдібек ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 қарашадағы № 7/34 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 14 желтоқсанда № 2170 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2013 жылғы 5 ақпандағы № 10/54 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 05.02.2013 № 10/54 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысымен бекiтiлген «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттiк қызмет стандартының 611 тармақтарына сәйкес, Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШТI:
      1. Бәйдібек ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушылары және соларға теңестірілген адамдарға 9 мамыр Жеңіс күніне орай 6,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы;
      2) жеке оңалту бағдарламасы бойынша мұқтаж мүгедектерді қоларбамен қамтамасыз етуге;
      серуендеуге арналған қоларбаға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      бөлмеге арналған қоларбаға 21,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) мүгедектерге оңалту орталықтарына жолдама алу үшін біржолғы жәрдемақы 22,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы;
      5) үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған қарттардың ішінен 80 жастан асқан адамдарға, жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге, ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) тұрмысы төмен мұқтаж отбасыларға материалдық көмекке бір жолғы жәрдемақы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың, авариялардың  зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға 1,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы;
      8) ауғанстан соғысына қатысқан адамдарға 3,1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және 9 мамыр Жеңіс күніне 1,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы.
      2. «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті нақты құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
      3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы:                           Ж.Теміржанов

      Мәслихат хатшысы:                          С.Спабеков

Бәйдібек аудандық мәслихатының
2012 жылғы 13 қарашадағы
№ 7/34 шешіміне қосымша

«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1. Әлеуметтік көмектің барлық түрлері үшін:
      1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшін - туу туралы куәлік;
      3) алушының салық төлеуші куәлігі;
      4) алушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
      5) алушының банктік шоты бар болуын растайтын құжат;
      6) алушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын қоса беріледі.
      2. Әлеуметтік көмектің келесі түрлерін тағайындау үшін мыналар қоса беріледі:
      1) барлық санаттағы мүгедектер табыстарын есепке алмай, шипажай немесе оңалту орталықтарына жолдама алу үшін:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді;
      шипажай - курорттық картасынан немесе медициналық картасынан үзінді;
      мүгедектік шипажайда немесе оңалту орталығында болуын растайтын құжат;
      емделуде болғанын растайтын, тиісті медициналық ұйымнан анықтама;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, соларға теңестірілген адамдарға және Ауған соғысы ардагерлеріне, Чернобль атом электр стансасы апатын жоюға қатысушыларына:
      егер аталған азамат уәкiлеттi органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің белсенді жұқпалы түрiмен ауыратын тұлғаларға:
      емделуде болғанын растайтын, тиiстi медициналық ұйымнан анықтама;
      ауыл округі әкімі жанындағы учаскелік комиссияның актісі.
      3. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады