Қоғамдық жұмысқа тартуға сотты болған азаматтар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 ақпандағы № 94 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 17 ақпанда № 14-10-179 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 145 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 17.02.2015 № 145 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағы негізінде, Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi белгiленсiн: елді мекендер аумақтарын көрiктендiру және тазалау.
      2. Қоғамдық жұмысқа тарту түрiнде жазаға сотталғандармен жазаны өтеу орны: «Сайрам тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      3. Ауыл округтерінің әкімдері Сайрам аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының келiсiмiмен қоғамдық жұмысқа тарту түрiнде жазаны өтеуге арналған объектiлердiң тізімдерін соттарға тоқсан сайын ұсынсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ш.Халмурадовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                У.Қайназаров


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады