Сайрам ауданының елді мекендерінің шегін өзгерту туралы

Күшін жойған

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2012 жылғы 29 маусымдағы N 6-46/V шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 маусымдағы N 1 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 30 шілдеде N 14-10-191 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 мамырдағы № 31-199/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 15.05.2014 № 31-199/V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Арыс ауыл округіне қарасты Арыс ауылының әкімшілік шекарасына "Арыс" селолық тұтыну кооперативінің аумағында орналасқан жалпы көлемі 22,0 гектар жер қосылып, Арыс ауылының шегі өзгертілсін.
      2. Бадам ауыл округіне қарасты Құрсай ауылының әкімшілік шекарасына ауданның жер қорынан жалпы көлемі 32,7 гектар жер қосылып, Құрсай ауылының шегі өзгертілсін.
      3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сайрам ауданының әкімі                     У.Қайназаров

      Сессия төрағасы                            Р.Хайтенов

      Сайрам аудандық мәслихатының хатшысы       К.Орашов

      
 
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады