Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімінің аппаратының 05.02.2013 № 7-227 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекiтiлген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесiнiң 8-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және олардың қаржыландырудың көздерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсін.
2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Е.Бейсебаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі: Ә.Тұрғымбеков
Төлеби ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 25 қаңтардағы
№ 33 қаулысымен бекітілген
2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұсынатын ұйымдардың тізбесі, жұмыстардың түрлері және қаржыландыру көздері
№ | Ұйымдардың атауы |
Жылына қоғамдық қызмет керлерге сұраныс, адам |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері |
Қаржыландыру көздері |
---|---|---|---|---|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Төлеби ауданы «Төлеби көп салалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
35 |
Көшелерді және аумақтарды қоқыстардан тазалау – 30000 шаршы метр, көшеттерді отырғызу - 300 дана, гүл отырғызатын жерлерді бөлшектеу - 2000 шаршы метр, дуалдарды ақтау - 5000 метр, дуалдарды жөндеу – 5000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
2 |
«Ленгір қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
17 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 1000 бет, факс жіберу – 300 бет, мәтіндерді басу және шығару – 400 бет, хат-хабарды жеткізу – 550 хат |
Аудандық бюджет |
3 |
«Төлеби аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
16 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 900 бет, факс жіберу – 300 бет, мәтіндерді басу және шығару – 200 бет, хат-хабарды жеткізу – 450 хат |
Аудандық бюджет |
4 |
«Төлеби аудандық мәдени қызмет көрсету және ойын-сауық орталығы «Өркен» мемлекеттік» коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
19 |
Көшелерді және аумақтарды қоқыстардан тазалау – 2000 шаршы метр, көшеттерді отырғызу - 400 дана, гүл отырғызатын жерлерді бөлшектеу - 2000 шаршы метр, дуалдарды ақтау - 4000 метр, дуалдарды жөндеу – 4000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
5 |
Төлеби ауданы әкімдігінің «Төлеби су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
14 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 1000 бет, факс жіберу – 100 бет, мәтіндерді басу және шығару – 200 бет, хат-хабарды жеткізу – 300 хат |
Аудандық бюджет |
6 |
Төлеби ауданы әкімдігінің «Ленгір су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
20 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 3000 бет, факс жіберу – 300 бет, мәтіндерді басу және шығару – 500 бет, хат-хабарды жеткізу – 700 хат |
Аудандық бюджет |
7 |
«Ленгір қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
40 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 2000 бет, факс жіберу – 500 бет, мәтіндерді басу және шығару – 1000 бет, хат-хабарды жеткізу – 400 хат |
Аудандық бюджет |
8 |
«Алатау ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
30 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту 60000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
9 |
«Аққұм ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
18 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту 40000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
10 |
«Ақжар ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
15 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту 30000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
11 |
«Бірінші Мамыр ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
40 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту 90000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
12 |
«Зертас ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
12 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту 30000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
13 |
«Жоғарғы Ақсу ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
20 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту 40000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
14 |
«Кемеқалған ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
15 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстардан тазарту 30000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
15 |
«Киелітас ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
20 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту 60000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
16 |
«Көксәйек ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
32 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту 70000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
17 |
«Қазығұрт ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
45 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту 90000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
18 |
«Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
15 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту 40000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
19 |
«Қасқасу ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
20 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту 50000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
20 |
«Қоғалы ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
22 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту 45000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
21 |
«Тасарық ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
20 |
Ауылдық аймақтарды, көгалдандыру, көріктендіру, ауылдық округті қоқыстардан тазарту 60000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
22 |
Төлеби аудан әкімдігі «Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
15 |
Әлеуметтік жәрдемақыларға құжаттарды рәсімдеу базаға мәліметтерді енгізу-1500 іс, құжаттарды тігу-800 іс, мұрағат құжаттарын өңдеуге көмек көрсету-600 іс |
Аудандық бюджет |
Барлығы |
500 |
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.