Шардара ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген cанаттарына әлеуметтiк көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2012 жылғы 15 тамыздағы № 7-52-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 5 қыркүйекте № 2101 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 12-85-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 30.01.2013 № 12-85-V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысымен бекiтiлген "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттiк қызмет стандартының 611 тармақтарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:
      1. Шардара ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсетілсін:
      1) мерзімді баспасөз басылымдарға жазылу үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен, Ауған соғысы ардагерлеріне, Чернобыль атом электр стансасы апатын жоюға қатысушыларына біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған қарттардың ішінен 80 жастан асқан адамдарға, жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге, ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) Жеңіс күніне орай - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, олардың жесірлеріне, біржолғы 6,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) қарттар мен мүгедектер, балаларды қорғау күніне орай - үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған қарттарға, мүгедектерге және мүгедек балаларға, біржолғы 1,3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) жеке оңалту бағдарламасы бойынша мұқтаж мүгедектерге қоларбамен қамтамасыз етуге:
      серуендеуге арналған қоларбаға 55,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      бөлмеге арналған қоларбаға 24,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) зейнеткерлер мен мүгедектерге шипажай немесе оңалту орталықтарына жолдама үшін, біржолғы 31 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын тұлғаларға, онкологиялық ауруларға, созылмалы бүйрек шамасыздығы ауруларына бiржолғы 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      8) жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға баспана алу үшін бiржолғы 300 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      9) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына табыстарын есепке алмай, өтемақы үшін ай сайын 6,2 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      10) отбасыларының табыстарын есепке алмай өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған аз қамтамасыз етілген (өрт, басқа да табиғи немесе техногенді сипаттағы апат салдарынан) отбасыларына 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      11) үйінде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде.
      2. «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi нақты құжаттар тiзбесi осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес анықталсын.
      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы                            Н. Тілеков

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Т. Бердібеков

      Шардара аудандық мәслихатының
      2012 жылғы 15 тамыздағы
      № 7-52-V шешіміне қосымша

      "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi

      1. Әлеуметтік көмектің барлық түрлері үшін:
      1) әлеуметтiк көмекке өтiнiш жасаған тұтынушының өтiнiшi;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшiн – туу туралы куәлiк;
      3) алушының салық төлеушi куәлiгi;
      4) алушының тұратын жерi бойынша тiркеудi растайтын құжат;
      5) алушының банктiк шоты бар болуын растайтын құжат;
      6) алушының заңды өкiлi өтiнiш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат, және заңды өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат қоса берiледi.
      2. Әлеуметтік көмектің келесі түрлерін тағайындау үшін мыналар қоса беріледі:
      1) барлық санаттағы мүгедектер мен зейнеткерлерге, табыстарын есепке алмай, шипажай немесе оңалту орталықтарына жолдама үшін:
      алушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;
      мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi;
      шипажай-курорттық картасынан немесе медициналық картасынан үзiндi;
      мүгедектiк шипажайда немесе оңалту орталығында болуын растайтын құжат.
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен және Ауған соғысы ардагерлеріне, Чернобль атом электр стансасы апатын жоюға қатысушыларына басылымдарға жазылу үшін:
      егер аталған азамат уәкiлеттi органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;
      3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiк жұқпалы түрiмен ауыратын тұлғаларға, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар, созылмалы бүйрек шамасыздығы ауруы бар отбасыларына табыстарын есепке алмай, және өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған аз қамтамасыз етілген отбасыларға:
      емделуде болғанын растайтын, тиiстi медициналық ұйымнан анықтама;
      қала, ауыл округі әкімі жанындағы учаскелік комиссияның актісі.
      3. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа мен көшiрмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге өтiнiш берген күнi қайтарылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады