"Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулыға өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2012 жылғы 02 шілдедегі N 152 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 16 шілдеде N 2585 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 118 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 20.04.2016 № 118 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабы 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2477, 2008 жылғы 6 наурыздағы № 30 (15939) "Дидар", 2008 жылғы 6 наурыздағы № 3536 (18469) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулыға 2 қосымшада:
       2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Мамандар (бас, аға), оның ішінде барлық мамандықтар дәрігерлері, кітапханашы, емдәм бикесі, емдеу-дене шынықтыру кабинетінің нұсқаушысы, иппотерапия бойынша нұсқаушы, жүзу бойынша нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші, мәдени ұйымдастырушы, логопед, медициналық бике, психолог, шаштараз, әлеуметтік жұмыс бойынша маман, жұмыспен қамту орталығы (қызметі) құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің, секторының, тобының) маманы, күтім көрсету бойынша әлеуметтік қызметші, фармацевт, фельдшер.".
      2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесі Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатына келісуге ұсынылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
      Облыс әкімі Б. Сапарбаев

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады