Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 қарашадағы N 740 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 25 желтоқсанда N 2783 тіркелді. Күші жойылды - Риддер қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 26 наурыздағы N 213 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Риддер қаласы әкімдігінің 26.03.2013 N 216 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5)5-6) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының жузеге асырылуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Р.В. Дюсебаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Риддер қаласы әкімінің м.а.                С. Кагарманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады