Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 27.02.2013 N 92 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатын ескере отырып, жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылға Аягөз ауданы бойынша халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;
13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
14) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;
15) 50 жастан асқан адамдар;
16) асыраушысы жоқ жалғызіліктілер;
17) есірткіге тәуелді адамдар;
18) АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдар;
19) бір де жұмыс істеушісі жоқ жанұялардың адамдары.
2. «Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (Б. Мұстафаев) мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарға жұмысқа орналасуда жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Ысқақовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аягөз ауданының әкімі Ә. Мұхтарханов