Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 қазандағы N 550 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 09 қарашада N 2715 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 20.11.2014 N 659 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 20.11.2014 N 659 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына1516 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде оқитын тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі әлеуметтік көмек).
      2. Әлеуметтік көмек әр мүгедек балаға ай сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ұсынылсын.
      3. Мынадай шарттар белгіленсін:
      1) мүгедек балаларға (мемлекеттің толық қамтуындағы мүгедек балалардан басқа) әлеуметтік көмек отбасының табысына қатыссыз, үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің біреуіне төленеді;
      2) әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап, «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;
      3) әлеуметтік көмекті төлеу қаржыландырудың түсуіне қарай өткен айға төленеді. Әлеуметтік көмек төлемін тоқтатуға әкеп соғатын (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектігін алып тастау), жағдайлар болса, тиісті жағдай болған айдан кейін төлем тоқтатылады.
      4. «Аягөз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.У. Мұстафаев) әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.
      5. «Аягөз ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (К. Уәлиев), жергілікті бюджетте қарастырылған қаржы шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру бойынша мәселені шешсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Е. Қуанышевқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аягөз ауданының әкімі

Ә. Мұхтарханов

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады