Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоюсыз міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде құнын өтеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2012 жылғы 29 мамырдағы N 406 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2012 жылғы 25 маусымда N 5-8-151 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 775 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 30.05.2013 № 775 қаулысымен.
      
      
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 18) тармақшасы, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10-бабы 2-тармағының 7) тармақшасы, «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысының 24-тармағы негізінде, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоюсыз міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде жануардың бір басының және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың бір килограмының нарықтық құнының 30 %-нан аспайтын мөлшердегі құны жергілікті бюджет есебінен өтелсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. А. Нұрғожинға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкімі                                           Г.Акулов
      
      Келісілді:
      
      «ҚР АШМ ветеринарлық бақылау
      және қадағалау комитетінің
      Бородулиха ААИ» ММ бастығы                            Т.Қадыров
                                                    2012 жыл 28 мамыр

      ҚР ДСМ МСЭҚКД ШҚО
      Бородулиха ауданы бойынша
      басқармасының бастығы                              Ғ.Сүлейменов
                                                    2012 жыл 28 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады