Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 24.12.2013 N 964 қаулысымен (ресми жарияланғанынан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5)-тармақшасына, 20-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерінің 6, 7, 8-тармақтары негізінде, мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту және жұмысқа орналасуда қиыншылық көріп отырған халықтың әр түрлі топтарын қолдау мақсатында, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, қаржыландыру көздері және нақты шарттары бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін жұмыссыздардың жалақысы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасымен 2013 жылға белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде жасалсын.
3. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Д.М. Бергенев) заңнамалық талаптарға сәйкес ауданның кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды өткізуді қамтамасыз етсін.
4. «2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 228 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5-8-143 тіркелген, аудандық газеттерде «Пульс района» 2012 жылғы 20 қаңтарда № 7 және «Аудан тынысы» 2012 жылғы 20 қаңтардағы №7 жарияланған) қаулысының, «2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 228 қаулыға толықтыру енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 320 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5-8-148 тіркелген, аудандық газеттерде «Пульс района» 2012 жылғы 20 сәуірде № 34 және «Аудан тынысы» 2012 жылғы 20 сәуірде № 34 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.А. Атаеваға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғанынан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі Г. Акулов
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 23 қарашадағы
№ 538 қаулысына қосымша
2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың көлемі, түрлері, қаржыландыру көздері және нақты шарттары
№ |
Жұмыс берушінің атауы |
Жұмыс түрлері мен көлемдері |
Сұраныс (жарияланған қажеттілік, орындар саны) |
Ұсыныс (бекітілді, орындар саны) |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Ауданның кенттік және ауылдық округтері әкімдерінің аппараттары |
Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарды (тұрғындардың санағын, әлеуметтік сауалнама, әр шаруашылық кітаптарын түгендеуге, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жұмысына, салық органдарына көмек) өткізуге көмек - 6662 аула, пошталық корреспонденцияны жеткізу – 3000 бірлік, құжаттарды рәсімдеуге көмек – 750 іс, елді мекендердің жинауда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының ұйымдарына көмек, тұрғын үйлерді, әлеуметтік - мәдени, діни бағыттағы, әкімшілік нысандарды жөндеуге, қайта құруға, құрылысына қатысу – 5000 ш.м., аймақтарды экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көріктендіру), ветеринарлық-санитарлық профилактикалық іс-шараларға қатысу, көпірлерді, су өткізетін құбырларың тазалау, табысы аз азаматтарға әлеуметтік қызметтер көрсету, малдарды бордақылау, малдарды күтіп-бағу, құстарды өсіру, көкөністер мен дәнді дақылдарды өсіру бойынша қысқа мерзімді маусымдық жұмыстар, ауыл шаруашылығының зиянкестерімен күрес |
264 |
264 |
жергілікті |
2 |
«Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі |
70 ш.м - үй-жайларды жөндеу, құжаттарды рәсімдеуге көмек – 50 іс |
1 |
1 |
жергілікті |
3 |
«Бородулиха колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, ауданның жалпы білім беретін мектептері |
үй-жайларды жөндеу – 1100 ш.м., балаларды апарып алып қайту – 50 адам, балалардың және жасөспірімдердің бос уақыттарын, оқушылардың ыстық тамақтарын ұйымдастыруға, безендіру жұмыстарына көмек |
16 |
16 |
жергілікті |
4 |
Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарының қызметі» Мемлекеттік мекемесі № 51 өрт сөндіру бөлімі |
құжаттарды рәсімдеуге көмек – 50 іс |
1 |
1 |
жергілікті |
5 |
Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаменті Бородулиха ауданы төтенше жағдайлар бөлімі |
құжаттарды рәсімдеуге көмек – 50 іс |
1 |
1 |
жергілікті |
6 |
«Мәдениет үйі» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын |
мәдени–бұқаралық іс-шараларды өткізуге көмек |
6 |
6 |
жергілікті |
7 |
«Бородулиха ауданының прокуратурасы» Мемлекеттік мекемесі |
құжаттарды рәсімдеуге көмек – 100 іс |
3 |
3 |
жергілікті |
8 |
«Бородулиха ауданының мемлекеттік мұрағаты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
құжаттарды рәсімдеуге көмек – 125 іс |
5 |
5 |
жергілікті |
9 |
«Бородулиха ауданының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
құжаттарды рәсімдеуге көмек – 50 іс |
3 |
3 |
жергілікті |
10 |
«Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын дүние мүлік жөнінде орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны Бородулиха филиалы (келісім бойынша) |
құжаттарды рәсімдеуге көмек – 50 іс |
4 |
4 |
жергілікті |
11 |
«Бородулиха ауданының Әділет басқармасы» Мемлекеттік мекемесі |
құжаттарды рәсімдеуге көмек – 50 іс |
2 |
2 |
жергілікті |
12 |
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлык диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» Мемлекеттік мекемесінің Бородулиха аудандық филиалы |
құжаттарды рәсімдеуге көмек – 40 іс |
1 |
1 |
жергілікті |
13 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясы |
құжаттарды рәсімдеуге көмек – 50 іс, |
5 |
5 |
жергілікті |
14 |
«Қазпочта» акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Бородулиха аудандық пошталық байланыс торабы |
құжаттарды рәсімдеуге көмек – 50 іс |
1 |
1 |
жергілікті |
15 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Семей өңірлік филиалы |
үй жайларды жинау – 100 ш.м. |
1 |
1 |
жергілікті |
16 |
«Бородулиха аудандық соты» Мемлекеттік мекемесі |
құжаттарды рәсімдеуге көмек – 75 іс |
2 |
2 |
жергілікті |
17 |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі орталығының Бородулиха бөлімшесі |
құжаттарды рәсімдеуге көмек – 75 іс |
7 |
7 |
жергілікті |
18 |
Сот орындаушыларының Бородулиха аумақтық бөлімі |
корреспонденцияны жеткізу - 24 бірлік |
2 |
2 |
жергілікті |
19 |
«Бородулиха ауданы бойынша Шығыс Қазақстан облысы жас өспірімдердің спорттық мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
аумақты абаттандыру – 250 ш.м. |
1 |
1 |
жергілікті |
20 |
«Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынақтан өткізу бойынша Жетісу аумақтық инспектурасы» Мемлекеттік мекемесі |
дәнді дақылдарды өсіру – 20 га |
7 |
7 |
жергілікті |
21 |
«Бородулиха ауданының психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
үй жайларды жөндеу – 75 ш.м. |
2 |
2 |
жергілікті |
22 |
«Балабақша» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын |
аумақты абаттандыру – 250 ш.м. |
1 |
1 |
жергілікті |
23 |
«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы бойынша салық басқармасы» Мемлекеттік мекемесі |
құжаттарды рәсімдеуге көмек – 50 іс |
3 |
3 |
жергілікті |
24 |
«Бородулиха қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық әлеуметтік мекеме» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
үй жайларды жөндеу – 125 ш.м. |
1 |
1 |
жергілікті |
25 |
«Бородулиха ауданының аудан әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі |
үй жайларды жөндеу – 250 ш.м. |
2 |
2 |
жергілікті |
26 |
Бородулиха ауданының статистика басқармасы |
құжаттарды рәсімдеуге көмек – 100 іс |
2 |
2 |
жергілікті |
Қоғамдық жұмыстың нақты жағдайлары:
Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды, 8 сағаттық жұмыс күні, 1 сағат түскі үзіліс, 2 демалыс күн беріледі, жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады, жеке еңбек шартының негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледi және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделiлiгiне байланысты жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы жұмыс киімімен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, қоғамдық жұмысты атқару кезінде денсаулықтарына зиян келген жағдайларда келтірілген залалды заңға байланысты төлеп беру, зейнетақы және әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Жұмыссыздардың жекелеген санаттары үшін (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер, көп балалы аналар, мүгедектер, 18 жасқа толмаған тұлғалар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші мен жұмыссыздың арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады.