Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2012.11.23 N 538 қаулысымен (ресми жарияланғанынан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 және 20-баптары, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесі негізінде, жұмысқа орналасу кезінде қиыншылық көріп отырған халықтың әртүрлі топтарын уақытша жұмыспен қамту және материалдық қолдау мақсатында, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдар мен мекемелердің тізбесі, қоғамдық жұмыстардың көлемдері, қаржыландыру көздері және нақты шарттары бекітілсін.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес ақылы қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізбесі бекітілсін.
3. Қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін жұмыссыздардың жалақысы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2012 жылға белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде жасалсын.
4. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Д.М. Бергенев) заңнамалық талаптарға сәйкес ауданның ұйымдары мен мекемелерінде ақылы қоғамдық жұмыстарды өткізуді қамтамасыз етсін.
5. «2011 жылға арналған ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 843 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2011 жылдың 21 қаңтарында № 5-8-126 тіркелген, аудандық газеттерде «Пульс района» 2011 жылдың 25 қаңтарында № 7 (6404) және «Аудан тынысы» 2011 жылдың 25 қаңтарында № 7 (84) жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғанынан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі Г. Акулов
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 228 қаулысына
1-қосымша
Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдар мен мекемелердің тізбесі, қоғамдық жұмыстардың көлемдері, қаржыландыру көздері және нақты шарттары
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2012.03.26 N 320 (жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ |
Жұмыс берушінің атауы |
Жұмыстардың көлемі |
Сұраныс (жарияланған қажеттілік, орындар саны) |
Ұсыныс |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Бородулиха ауданының кенттік және ауылдық округтері әкімдерінің аппараттары, дербес бөлімдер |
Үй–үйді аралау, әр шаруашылық бойынша кiтаптарды толтыру, көшелерді, саябақтарды, скверлерді жинау, малдарды ветеринарлық залалсыздандыруға көмек, пошта тасу, үй–жайларды жөндеу, құжаттарды ресімдеуге көмек, көкөністерді өсіру – 15 га, құстарды өсіру – 500 бас |
286 |
286 |
жергілікті бюджет |
2 |
Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
Үй–жайларды жөндеу |
1 |
1 |
жергілікті |
3 |
Аудандық білім бөлімі, аудан мектептері, № 23 кәсіптік лицейі |
Үй–жайларды жөндеу, балаларды тасымалдау, оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру - 20 бала |
11 |
11 |
жергілікті |
4 |
«Мәдениет үйі» коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорыны |
Мәдени-бұқаралық іс–шараларды өткізуге көмек |
6 |
6 |
жергілікті |
5 |
Бородулиха ауданының прокуратурасы |
Ғимаратқа от жағу |
1 |
1 |
жергілікті |
6 |
Бородулиха ауданының аудандық мемлекеттік мұрағаты |
Құжаттарды ресімдеуге көмек – айына 40 іс |
2 |
2 |
жергілікті |
7 |
Бородулиха ауданының ішкі істер бөлімі |
Құжаттарды ресімдеуге көмек – айына 200 іс |
8 |
8 |
жергілікті |
8 |
«ШҚО бойынша жылжымайтын дүние мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Бородулиха филиалы |
Құжаттарды ресімдеуге көмек – айына 40 іс |
2 |
2 |
жергілікті |
9 |
Бородулиха ауданының әділет басқармасы |
Құжаттарды ресімдеуге көмек – айына 40 іс |
2 |
2 |
жергілікті |
10 |
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясы |
Құжаттарды ресімдеуге көмек – айына 20 іс |
1 |
1 |
жергілікті |
11 |
Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі |
Құжаттарды ресімдеуге көмек – айына 20 іс |
1 |
1 |
жергілікті |
12 |
Бородулиха аудандық мәслихатының аппараты |
Үй–жайларды жөндеу |
1 |
1 |
жергілікті |
13 |
«Бородулиха ауданының медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны |
Үй– жайларды жөндеу, аумақты абаттандыру |
1 |
1 |
жергілікті |
14 |
Бородулиха аудандық соты |
Құжаттарды ресімдеуге көмек – айына 20 іс |
1 |
1 |
жергілікті |
15 |
Мемлекеттік ғылыми өндірістік орталық Шығыс Қазақстандық еншілес мемлекеттік кәсіпорынның Бородулиха аудандық жер-кадастрлық филиалы |
Құжаттарды ресімдеуге көмек – айына 20 іс |
1 |
1 |
жергілікті |
16 |
Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының Бородулиха бөлімшесі |
Құжаттарды ресімдеуге көмек – айына 150 іс |
5 |
5 |
жергілікті |
17 |
Сот орындаушыларының Бородулиха аумақтық бөлімі |
Үй–жайларды жинау, құжатты ресімдеуге көмек |
1 |
1 |
жергілікті |
18 |
Бородулиха балалар-жасөспірімдер спорт мектебі |
Үй–жайларды жөндеу, аумақты абаттандыру |
1 |
1 |
жергілікті |
19 |
«Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынақтан өткізу бойынша Жетісу аймақтық инспектурасы» мемлекеттік мекемесі |
Маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстары – 20 га |
8 |
8 |
жергілікті |
20 |
Бородулиха ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті |
Үй–жайларды жөндеу |
1 |
1 |
жергілікті |
21 |
«Балабақша» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны |
Үй–жайларды жөндеу |
2 |
2 |
жергілікті |
22 |
Бородулиха аудандық қазынашылық басқармасы |
Құжаттарды ресімдеуге көмек – айына 20 іс |
1 |
1 |
жергілікті |
23 |
«Бородулиха қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекеме» мемлекеттік мекемесі |
Үй–жайларды жөндеу, аумақты абаттандыру |
1 |
1 |
жергілікті |
24 |
Бородулиха ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі |
Үй–жайларды жөндеу |
1 |
1 |
жергілікті |
25 |
Аудан әкімінің аппараты |
Үй–жайларды жөндеу |
2 |
2 |
жергілікті |
26 |
Бородулиха ауданының статистика басқармасы |
Құжаттарды ресімдеуге көмек – айына 40 іс |
2 |
2 |
жергілікті |
Қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары:
Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды, екі демалыс күні беріледі, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс бір сағат, жұмыс жағдайларын қорытындылай келе, жұмыс уақытын ұйымдастырудың тиімді түрлері қолданылады.
Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар әйелдер, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған тұлғалар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескере отырып белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады.
Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу жеке еңбек шартының негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледi және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделiлiгiне байланысты болады. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша әлеуметтiк жәрдемақы төлеу, денсаулыққа зиян келтіру немесе мертіктіру салдарынан келтірілген зияндардың орнын толтыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Аудан әкімі аппаратының басшысы С. Лазурин
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 228 қаулысына
2 қосымша
Ақылы қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізбесі
1. Елді мекендердің, өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағын жинауда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының ұйымдарына көмек.
2. Жолдарды салу және жөндеу, су құбырларын, газ құбырларын, кәріз коммуникацияларын төсеуге қатысу.
3. Мелиоративтік жұмыстарды жүргізу.
4. Тұрғын үйлерді, әлеуметтік-мәдени, діни бағыттағы, әкімшілік нысандарды жөндеуге, қайта құруға, құрылысына қатысу.
5. Тарихи – сәулеттік ескерткіштерді, кешендерді, қорық орындарын қалпына келтіруге қатысу.
6. Аймақтарды экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көріктендіру).
7. Мәдени тұрғыдағы ауқымды іс–шараларды ұйымдастыруға көмек (спорт жарыстары, фестивальдар, мейрамдар, халық шығармашылығының байқауы және т.б.)
8. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарды (тұрғындардың санағын, әлеуметтік сауалнама, әр шаруашылық кітаптарын түгендеуге, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жұмысына, салық органдарына көмек) өткізуге көмек.
9. Малдарды бордақылау, малдарды күтіп-бағу, құстарды өсіру, көкөністер мен дәнді дақылдарды өсіру бойынша қысқа мерзімді маусымдық жұмыстар, ауыл шаруашылығының зиянкестерімен күрес.
10. Басқа да жұмыс түрлері:
- құжаттарды ресімдеуге көмек;
- баспасөзге жазылу науқанына және хат-хабарларды жеткізуге көмек көрсету;
- балалардың және жасөспірімдердің бос уақыттарын, оқушылардың ыстық тамақтарын ұйымдастыру;
- ветеринарлық-санитарлық профилактикалық іс-шараларға қатысу;
- мүгедек және қарт адамдарды күту, үйден көмек көрсету;
- маусымдық – жылыту жұмыстары;
- үй-жайларды жинау;
- көпірлерді тазалау;
- мүмкіндігі шектеулі балалардың демалысын ұйымдастыруға көмек;
- мектеп оқушыларын шығарып салу;
- табысы аз азаматтарға әлеуметтік қызметтер көрсету;
- безендіру жұмыстарына көмек.
Аудан әкімі аппаратының басшысы С. Лазурин