2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы N 538 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылдың 03 қаңтарында N 2795 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 желтоқсандағы N 964 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 24.12.2013 N 964 қаулысымен (ресми жарияланғанынан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      
      
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5)-тармақшасына20-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерінің 678-тармақтары негізінде, мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту және жұмысқа орналасуда қиыншылық көріп отырған халықтың әр түрлі топтарын қолдау мақсатында, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, қаржыландыру көздері және нақты шарттары бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін жұмыссыздардың жалақысы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасымен 2013 жылға белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде жасалсын.
      3. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Д.М. Бергенев) заңнамалық талаптарға сәйкес ауданның кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды өткізуді қамтамасыз етсін.
      4. «2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 228 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5-8-143 тіркелген, аудандық газеттерде «Пульс района» 2012 жылғы 20 қаңтарда № 7 және «Аудан тынысы» 2012 жылғы 20 қаңтардағы №7 жарияланған) қаулысының, «2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 228 қаулыға толықтыру енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 320 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5-8-148 тіркелген, аудандық газеттерде «Пульс района» 2012 жылғы 20 сәуірде № 34 және «Аудан тынысы» 2012 жылғы 20 сәуірде № 34 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.А. Атаеваға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғанынан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      
      
      Аудан әкімі                                          Г. Акулов

      Бородулиха ауданы әкімдігінің
      2012 жылғы 23 қарашадағы
      № 538 қаулысына қосымша

        2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың көлемі, түрлері, қаржыландыру көздері және нақты шарттары


р/с

Жұмыс берушінің атауы

Жұмыс түрлері мен көлемдері

Сұраныс (жарияланған қажеттілік, орындар саны)

Ұсыныс (бекітілді, орындар саны)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

1

Ауданның кенттік және ауылдық округтері әкімдерінің аппараттары

Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарды (тұрғындардың санағын, әлеуметтік сауалнама, әр шаруашылық кітаптарын түгендеуге, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жұмысына, салық органдарына көмек) өткізуге көмек - 6662 аула, пошталық корреспонденцияны жеткізу – 3000 бірлік, құжаттарды рәсімдеуге көмек – 750 іс, елді мекендердің жинауда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының ұйымдарына көмек, тұрғын үйлерді, әлеуметтік - мәдени, діни бағыттағы, әкімшілік нысандарды жөндеуге, қайта құруға, құрылысына қатысу – 5000 ш.м., аймақтарды экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көріктендіру), ветеринарлық-санитарлық профилактикалық іс-шараларға қатысу, көпірлерді, су өткізетін құбырларың тазалау, табысы аз азаматтарға әлеуметтік қызметтер көрсету, малдарды бордақылау, малдарды күтіп-бағу, құстарды өсіру, көкөністер мен дәнді дақылдарды өсіру бойынша қысқа мерзімді маусымдық жұмыстар, ауыл шаруашылығының зиянкестерімен күрес

264

264

жергілікті
бюджет

2

«Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі

70 ш.м - үй-жайларды жөндеу, құжаттарды рәсімдеуге көмек – 50 іс

1

1

жергілікті
бюджет

3

«Бородулиха колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, ауданның жалпы білім беретін мектептері

үй-жайларды жөндеу – 1100 ш.м., балаларды апарып алып қайту – 50 адам, балалардың және жасөспірімдердің бос уақыттарын, оқушылардың ыстық тамақтарын ұйымдастыруға, безендіру жұмыстарына көмек

16

16

жергілікті
бюджет

4

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарының қызметі» Мемлекеттік мекемесі № 51 өрт сөндіру бөлімі
(келісім бойынша)

құжаттарды рәсімдеуге көмек – 50 іс

1

1

жергілікті
бюджет

5

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаменті Бородулиха ауданы төтенше жағдайлар бөлімі
(келісім бойынша)

құжаттарды рәсімдеуге көмек – 50 іс

1

1

жергілікті
бюджет

6

«Мәдениет үйі» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

мәдени–бұқаралық іс-шараларды өткізуге көмек

6

6

жергілікті
бюджет

7

«Бородулиха ауданының прокуратурасы» Мемлекеттік мекемесі
(келісім бойынша)

құжаттарды рәсімдеуге көмек – 100 іс
Ғимаратқа от жағу - 115 ш.м

3

3

жергілікті
бюджет

8

«Бородулиха ауданының мемлекеттік мұрағаты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
(келісім бойынша)

құжаттарды рәсімдеуге көмек – 125 іс

5

5

жергілікті
бюджет

9

«Бородулиха ауданының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

құжаттарды рәсімдеуге көмек – 50 іс

3

3

жергілікті
бюджет

10

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын дүние мүлік жөнінде орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны Бородулиха филиалы (келісім бойынша)

құжаттарды рәсімдеуге көмек – 50 іс

4

4

жергілікті
бюджет

11

«Бородулиха ауданының Әділет басқармасы» Мемлекеттік мекемесі

құжаттарды рәсімдеуге көмек – 50 іс

2

2

жергілікті
бюджет

12

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлык диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» Мемлекеттік мекемесінің Бородулиха аудандық филиалы
(келісім бойынша)

құжаттарды рәсімдеуге көмек – 40 іс
үй жайларды жинау - 75 ш.м

1

1

жергілікті
бюджет

13

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясы

құжаттарды рәсімдеуге көмек – 50 іс,
150 ш.м - үй-жайларды жөндеу

5

5

жергілікті
бюджет

14

«Қазпочта» акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Бородулиха аудандық пошталық байланыс торабы
(келісім бойынша)

құжаттарды рәсімдеуге көмек – 50 іс

1

1

жергілікті
бюджет

15

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Семей өңірлік филиалы

үй жайларды жинау – 100 ш.м.
аумақты абаттандыру – 100 ш.м.

1

1

жергілікті
бюджет

16

«Бородулиха аудандық соты» Мемлекеттік мекемесі
(келісім бойынша)

құжаттарды рәсімдеуге көмек – 75 іс

2

2

жергілікті
бюджет

17

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі орталығының Бородулиха бөлімшесі
(келісім бойынша)

құжаттарды рәсімдеуге көмек – 75 іс

7

7

жергілікті
бюджет

18

Сот орындаушыларының Бородулиха аумақтық бөлімі
(келісім бойынша)

корреспонденцияны жеткізу - 24 бірлік
үй жайларды жинау – 60 ш.м.

2

2

жергілікті
бюджет

19

«Бородулиха ауданы бойынша Шығыс Қазақстан облысы жас өспірімдердің спорттық мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

аумақты абаттандыру – 250 ш.м.

1

1

жергілікті
бюджет

20

«Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынақтан өткізу бойынша Жетісу аумақтық инспектурасы» Мемлекеттік мекемесі
(келісім бойынша)

дәнді дақылдарды өсіру – 20 га

7

7

жергілікті
бюджет,
жұмыс берушінің қаражаты

21

«Бородулиха ауданының психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
(келісім бойынша)

үй жайларды жөндеу – 75 ш.м.

2

2

жергілікті
бюджет

22

«Балабақша» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

аумақты абаттандыру – 250 ш.м.

1

1

жергілікті
бюджет

23

«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы бойынша салық басқармасы» Мемлекеттік мекемесі
(келісім бойынша)

құжаттарды рәсімдеуге көмек – 50 іс

3

3

жергілікті
бюджет

24

«Бородулиха қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық әлеуметтік мекеме» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
(келісім бойынша)

үй жайларды жөндеу – 125 ш.м.
аумақты абаттандыру-1 га

1

1

жергілікті
бюджет

25

«Бородулиха ауданының аудан әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

үй жайларды жөндеу – 250 ш.м.

2

2

жергілікті
бюджет

26

Бородулиха ауданының статистика басқармасы

құжаттарды рәсімдеуге көмек – 100 іс

2

2

жергілікті
бюджет

 
      Қоғамдық жұмыстың нақты жағдайлары:
      Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды, 8 сағаттық жұмыс күні, 1 сағат түскі үзіліс, 2 демалыс күн беріледі, жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады, жеке еңбек шартының негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледi және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделiлiгiне байланысты жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы жұмыс киімімен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, қоғамдық жұмысты атқару кезінде денсаулықтарына зиян келген жағдайларда келтірілген залалды заңға байланысты төлеп беру, зейнетақы және әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Жұмыссыздардың жекелеген санаттары үшін (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер, көп балалы аналар, мүгедектер18 жасқа толмаған тұлғалар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші мен жұмыссыздың арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады