Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2012.11.23 N 538 қаулысымен (ресми жарияланғанынан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабы 1-тармағының 13) тармақшасы, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабы негізінде, мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту мақсатында және жұмысқа орналасу кезінде қиыншылық көріп отырған халықтың әртүрлі топтарын қолдау үшін, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 228 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2012 жылдың 13 қаңтарында № 5-8-143 тіркелген, аудандық газеттерде «Аудан тынысы» 2012 жылдың 20 қаңтарында № 7(198), «Пульс района» 2012 жылдың 20 қаңтарында № 7 (6517) жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
қаулыға № 1 қосымшада 1-жолдың 3-бағаны келесі мазмұнмен толықтырылсын: «көкөністерді өсіру – 15 га, құстарды өсіру – 500 бас».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Г. Акулов
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 26 наурыздағы № 320
қаулысына 1-қосымша
Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдар мен мекекмелердің
тізбесі, қоғамдық жұмыстардың көлемдері, қаржыландыру көздері
және нақты шарттары
№ |
Жұмыс берушінің атауы |
Жұмыстардың көлемі |
Сұраныс (жарияланған қажеттілік, орындар саны) |
Ұсыныс (бекітілді, орындар саны) |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Бородулиха ауданының кенттік және ауылдық округтері әкімдерінің аппараттары, дербес бөлімдер |
Үй–үйді аралау, әр шаруашылық бойынша кiтаптарды толтыру, көшелерді жинау, саябақтарды, скверлерді, малдарды ветеринарлық залалсыздандыру, пошта тасу, үй–жайларды жөндеу, құжаттарды ресімдеуге көмек, көкөністерді өсіру – 15 га, құстарды өсіру – 500 бас. |
286 |
286 |
жергілікті бюджет |
Аудан әкімі аппаратының басшысы С. Лазурин