Тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарға тiркеу жүргізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы N 19 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 13 ақпанда N 5-9-164 тіркелді. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Глубокое аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 07 мамырдағы N 2039-02-11 хаты)

      Ескерту. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Глубокое аудандық әкімдігінің 2012.05.07 N 2039-02-11 хаты).

        «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасын басышылыққа алып, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, Глубокое ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесінде 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында, тіркеу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарға тіркеу жүргізілсін.
      2. «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Т. Чункуновқа «Глубокое білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының міндетін атқарушы Э.К.Сиванбаевамен бірлесіп әскери-оқу мекемелеріне кандидаттарды іріктеу өткізу ұсынылсын.
      3. Тіркеу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылы «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі ұсынылған кесте бекітілсін.
      4. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесіне тіркеу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырып, уақытында тіркеуге келуін қамтамасыз етсін;
      5. Меншік түріне қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым басшыларына, «Глубокое аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру пунктіне тіркеу жасындағы тұлғаларды тіркеуден өту үшін уақытында жеткізуге кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне көмек көрсету ұсынылсын.
      6. «Глубокое ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ.Т. Синиязовқа ұсынылсын:
      1) «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі және кенттер және ауылдық округтер әкімдеріне тіркеуден жалтарғандарды іздестіру және шақыру пунктіне жеткізуге, сондай-ақ тіркеу уақытында шақыру пунктінде тәртіп сақтау үшін бір қызметкерді бөлуге көмек көрсетсін;
      2) «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуден өткізу келісілген кесте бойынша учаскелік полиция инспекторларының еріп жүруімен қамтамасыз етілсін.
      7. «Глубокое ауданының Медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры К.Р. Беделмановқа ұсынылсын:
      1) медициналық комиссияны маман-дәрігерлермен, орта медициналық қызметшілермен, қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен жабдықтасын;
      2) әскерге шақырылушылардың клиникалық тексеруден өтуі және емделуі үшін қажетті мөлшерде төсек-орын бөлінсін;
      3) шақырылған құрамның флюорографиялық тексерілуі, электрокордиограмма және қажетті сараптамаларды тапсырылуын қамтамасыз етсін.
      8. «Глубокое білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы Э.К. Сиванбаеваға:
      1) «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты оқымайтын азаматтар туралы ақпаратты ұсынсын;
      2) жалпы білім беретін мектептерде оқитын бозбалаларды алып бару үшін алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы - мұғалімдер бөлінсін;
      3) тіркеу барысында ауданның оқу мекемелерінде патриоттық және тәрбиелік іс-шараларды жүргізсін.
      9. Осы шешімінің орындалу барысын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары М.Ж. Асамбаевқа жүктелсін.
      10. Шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Глубокое ауданының әкімі                       В. Кошелев

      Келісілген:

      «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы        А. Чункунов

      « 18 » қаңтар 2012 ж.

      «Глубокое ауданының ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы                К. Синиязов

      « 18 » қаңтар 2012 ж.

      «Глубокое ауданының медициналық бірлестігі»
      комуналдық мемлекеттік қазыналық
      кәсіпорынының директоры                        К. Беделманов

      « 18 » қаңтар 2012 ж.

Глубокое ауданы әкімінің
2012 жылғы 23 қаңтардағы № 19
шешімімен бекітілген

«Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесіне 2012 тіркеу жылында
он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарға
тіркеу комиссиясын өткізу туралы
КЕСТЕСІ

№ р/с

Елді мекендердің, кенттер мен ауылдық округтердің атауы

Жалпы саны

06.02.

07.02.

08.02.

09.02.

10.02.

13.02.

14.02.

15.02.

22.02.

29.02.

05.03

1

Алтайский кенті

15

15











2

Белоусовка кенті

39





38

1






3

Бобровка ауылдық округі

16







16





4

Веселовка ауылдық округі

6

6











5

Верхнеберезовский кенті

8

8











6

Глубокое кенті

32




32








7

Калинин ауылдық округі

5


5










8

Кирово ауылдық округі

21



21









9

Кожохово ауылдық округі

20

5





15






10

Краснояр ауылдық округі

24


24










11

Куйбышев ауылдық округі

9






9






12

Малоубинка ауылдық округі

8






8






13

Опытно-Поле ауылдық округі

24



24









14

Секисовка ауылдық округі

9






9






15

Ушаново ауылдық округі

15







15





16

Фрунзе ауылдық округі

23








23




17

Черемшанка ауылдық округі

18













БАРЛЫҒЫ:

292

34

29

45

50

38

42

31

23




      «Глубокое ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемсі бастығы
      подполковник                                  А. Чункунов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады