2012 жылы жасы он жетіге толатын ер жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне есепке тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімінің 2012 жылғы 04 қаңтардағы N 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Көкпекті аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 20 қаңтарда N 5-15-93 тіркелді. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі N 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімінің 2012.04.11 N 6 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес, есепке тіркеу жылында жасы он жетіге толатын ер жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақтылы және сапалы есепке тіркеу мақсатында ШЕШЕМІН:
      1. 2012 жылғы қаңтар-наурыз айларында 2012 жылы он жетіге толатын ер жынысты азаматтарды «Көкпекті ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі Аухадиев көшесі, 42 үй мекен-жайында орналасқан шақыру учаскесінде есепке тіркеуді ұйымдастырсын.
      2. Есепке тіркеуді уақытылы және сапалы өткізу мақсатында «Көкпекті ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру учаскесін дайындау және заңнамамен белгіленген өзге де шараларды қабылдау ұсынылсын.
      3. «Көкпекті ауданының № 2 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына жасөспірімдерді медициналық куәландыру үшін дәрігер-мамандар мен орта медициналық қызметкерлердің қажетті санымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Селолық округ әкімдері, білім беру мекемелерінің директорлары есепке тіркеу комиссиясына әскерге шақырылатындарды уақытылы құлақтандыру және келу мерзіміне алып баруды қамтамасыз етсін.
      5. «Көкпекті ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне есепке тіркеу кезеңінде «Көкпекті ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен есепке тіркелуден жалтарған тұлғаларды іздеу және жеткізу, шақыру учаскесінде тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде өзара іс-қимыл ұйымдастыру ұсынылсын.
      6. Осы шешімнің орындалуына бақылау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары М. М. Ахметоваға жүктелсін.
      7. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Көкпекті ауданының әкімі                   Д. Мусин
 

      КЕЛІСІЛГЕН:

      «Көкпекті ауданының қорғаныс
      істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
      мекемесі бөлім бастығының МУА              Д. Нурекенов

      04.01.2012 ж.

      «Көкпекті ауданының № 2 медициналық
      бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорыны директорының
      міндетін атқарушы                          Н. Аубакиров

      04.01.2012 ж.

      «Көкпекті ауданының ішкі істер
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Е. Сейілханов

      04.01.2012 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады