Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 қазандағы N 346 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 06 қарашада N 2713 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 қарашадағы N 335 қаулысымен. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 қарашадағы N 335 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 17.11.2014 N 335 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына, 15, 16 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі - әлеуметтік көмек).
      2. Әлеуметтік көмек әр мүгедек балаға ай сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ұсынылсын.
      3. Мынадай шарттар белгіленсін:
      1) мүгедек балаларға (мемлекеттің толық қамтуындағы мүгедек балалардан басқа) әлеуметтік көмек отбасының табысына қатыссыз, үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің біреуіне төленеді;
      2) әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап, «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорынтындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;
      3) әлеуметтік көмекті төлеу қаржыландырудың түсуіне қарай өткен айға төленеді. Әлеуметтік көмек төлемін тоқтатуға әкеп соғатын (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектігін алып тастау), жағдайлар болса, тиісті жағдай болған айдан кейін төлем тоқтатылады.
      4. «Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.Е. Оразғалиева) әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.
      5. «Көкпекті ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.А. Смағұлова), жергілікті бюджетте қарастырылған қаржы шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру бойынша мәселені шешсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары К.Р. Смаиловаға жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкпекті ауданының әкімі Д. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады