РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27, 28, 30, 31 бабтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» № 274 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» № 326 қаулысына сәйкес, азаматтарды мерзімді әскери қызметке уақытылы және сапалы шақыруды қамтамасыз ету мақсатында,Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскери қызметке шақыру бойынша белгіленген мерзімді әскери қызметті өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.
2. Келесі құрам бойынша әскерге шақыру комиссиясы құрылсын:
Байсинов Қабдысадық Ақбайұлы | аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; |
Құлсеитов Қанатбек Дүйсенұлы | қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, төрағасының орынбасары (келiсiмi бойынша); |
Комиссия мүшелері: | |
Тұрдиев Талғат Саматұлы | аудандық iшкi iстер бөлiмі бастығының орынбасары (келiсiмi бойынша); |
Чакаров Темеш Бордатханұлы | аудандық орталық аурухана директорының орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы (келiсiмi бойынша); |
Ракишева Құралай Қасенғазықызы | аудандық орталық аурухана медбикесі, әскерге шақыру жөнiндегi комиссиясының хатшысы (келiсiмi бойынша). |
3. Үржар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығына (Қ. Құлсеитов):
1) шақыру пунктін жұмыс жүргізуге дайындау;
2) шақыруды өткізу үшін қажетті құжаттарды әзірлеу ұсынылсын.
4. Үржар ауданы № 1 медициналық бірлестігіне Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әскерге шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру ұсынылсын.
5. Үржар аудандық iшкi iстер бөлiмiнің бастығына (М. Ішкібаев) шақырылушыларды әскерге аттандыруда және аудандық шақыру комиссиясы жұмысы кезеңінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
6. Ауылдық округ әкiмдерiне шақырылушыларды қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмге шақырылғандары туралы хабардар ету және шақыру комиссиясына келуiн қамтамасыз ету тапсырылсын.
7. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ.Байсиновқа жүктелсiн.
8. Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар ауданының әкімі | Б. Жанақов |
Үржар ауданы қорғаныс істері | |
жөніндегі бөлімінің бастығы | Қ. Құлсеитов |
Үржар ауданының Ішкі істер | |
бөлімінің бастығы | М. Ішкібаев |
Үржар ауданының № 1 медициналық | |
бірлестігі директорының м.а | Т. Чакаров |