Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы Қарақол ауылдық округі әкімінің 2012.09.18 N 17 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторының 2012 жылдың 11 наурыздағы № 107 ұсынысы негізінде Қарақол ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Қарақол ауылдық округінің Қарақол ауылында мүйізді ұсақ малдарының арасында бруцеллез індетінің шығуына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізе отырып, шектеу қойылсын.
2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Т. Тұрыспековке осы шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Қарақол ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық мал дәрігері М. Мусабаев сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақол ауылдық
округінің әкімі А. Лебаев
Келісілді:
Қазақстан Республикасы ауыл
шаруашылық Министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Үржар
аудандық аумақтық инспекциясының
мемлекеттік ветеринариялық-
санитариялық инспекторы Т. Тұрыспеков
02 сәуір 2012 ж.