Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 03.12.2014 N 403 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 42-бабына, 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнiң 30-бабының 1-тармағына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерi белгiленсiн: аумақтарды абаттандыру және жинау.
2. Шемонаиха қаласы, кенттер және ауылдық округтер әкімдеріне "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi Шемонаиха ауданы қылмыстық-атқару инспекциясы" мемлекеттiк мекемесiмен келiсу бойынша қоғамдық жұмысқа тарту түрiнде жазаны өтеуге арналған объектiлердiң тiзiмдерiн сотқа тоқсан сайын ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары В.И. Лонскийге жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Шемонаиха ауданының әкімі |
А. Тоқтаров |
Келісілді: |
|
Шығыс Қазақстан облысы бойынша |
|
Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті |
|
Шемонаиха ауданы қылмыстық-атқару |
|
инспекциясы бөлімінің бастығы |
М. Тубетова |
04 маусым 2012 жыл