2013 жылға Шемонаиха ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы N 831 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 қаңтарда N 2819 тіркелді. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының 2014 жылғы 20 қарашадағы N 5/2224 хаты)

       Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының 20.11.2014 N 5/2224 хаты).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағы, 7-бабы 2) тармақшасы негізінде, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
      1. 2013 жылға Шемонаиха ауданы бойынша халықтың мынадай нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
      12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге, оның ішінде жұмыс көлемінің қайта ұйымдастырылуы және (немесе) қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күні тәртібімен жұмыс істейтін адамдар;
      14) жалақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;
      15) ұзақ уақыт бойы (бір жылдан аса) жұмыс істемеген адамдар;
      16) бұрын жұмыс істемеген (еңбек өтілі жоқ) адамдар;
      17) жазғы демалыс кезеңіндегі оқушылар мен студенттер;
      18) 50 жастан асқан адамдар;
      19) отбасында бірде-бір жұмысшысы жоқ адамдар;
      20) маскүнемдік және (немесе) нашақорлықтан емдеу курсынан өткен адамдар;
      21) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған адамдар.
      2. "Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (Бабаева Г.Н.) мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарға жұмысқа орналасуда жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары О.А. Булавкинаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданының әкімі А. Тоқтаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады