Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 16 қаулысымен және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 2 ақпандағы № 6-5 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Ғ. Салықовқа және облыстық мәслихаттың ауылды дамыту, аграрлық саясат және жер қатынастары бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.
3. Осы қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Ноғаев
Сессия төрағасы А. Таспихов
Облыстық мәслихат
хатшысы М. Құлшар
Облыс әкімдігінің
2011 жылғы 4 қазандағы
№ 178 қаулысына және
облыстық мәслихаттың
2012 жылғы 1 маусымдағы
№ 3-6 шешіміне
ҚОСЫМША
Жеке меншікке берілетін
жер учаскелері үшін төлемақының
базалық ставкалары
Елді мекен |
1 ш. м. үшін теңгемен төлемақының базалық ставкасы |
|
Орал қаласы |
1 140 |
|
Облыс орталығы ставкаларына шаққандағы пайызы |
||
Аудандық маңызы бар қалалар |
75 |
|
Кенттер |
Селолық елді мекендер |
|
далалық орманды, |
25 |
15 |
жартылай шөлейт және шөлейт |
18 |
10 |