2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 89 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 4 мамырда № 7-8-144 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 маусымдағы N 182 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 28.06.2013 N 182 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" және 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Ауылдық округ әкімдеріне азаматтарды әскери қызметке шақырған кезде азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасының "Казталов аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасының "Казталов аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу кезінде дәрі-дәрмекпен, керек-жарақтармен, медициналық және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. "Батыс Қазақстан облысы ішкі істер Департаменті Казталов аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. "Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақырудың нәтижесі туралы қорытынды ақпаратын 2012 жылдың 30 шілдесіне және 2012 жылдың 27 желтоқсанына тапсырсын.
      6. Осы қаулының орындау барысы аудан әкімінің орынбасары С. Молдашевқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Р. Өтешев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі, Батыс Қазақстан
      облысының денсаулық сақтау
      басқармасының Казталов
      ауданының "Казталов аудандық
      орталық ауруханасы" мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық кәсіпорны
      директоры
      _____________Қ. Алтаев
      06.04.2012 ж.

      Батыс Қазақстан облысы
      ішкі істер департаменті
      Казталов аудандық ішкі
      істер бөлімі мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________Б. Бисенов
      06.04.2012 ж.

      Батыс Қазақстан облысы
      Казталов аудандық қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________М. Дарменов
      06.04.2012 ж.

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі, Батыс Қазақстан
      облысының денсаулық сақтау
      басқармасының "Казталов
      аудандық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорын
      директоры
      _____________А. Джүнісбеков
      06.04.2012 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады