Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімінің 27.05.2013 № 30 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. "Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Сырым ауданында 2012 жылдың қаңтар-наурызда тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасының "Сырым аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан (келісім бойынша) шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. "Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскелеріне тіркеу жұмысын ұйымдастыру мақсатында техникалық қызметкерлермен қамтамасыз етсін.
4. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Төреғалиевке жүктелсін.
Аудан әкімі Е. Нысанғалиев
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________К. Маканов
06.02.2012 г.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі, денсаулық сақтау
басқармасының "Сырым
аудандық орталық ауруханасы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорын директоры
_____________А. Дүйсенгалиев
06.02.2012 г.