"Тестiлеудi өткiзу ережесiн, Тестiлеу программаларын және Тестiлеу нәтижелерiнiң шектi мәнiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 бұйрығына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 06-7/4 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8273 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 19.03.2013 № 06-7/33 бұйрығымен (бірінші рет ресми жариялағаннан бастап қолданысқа енгізіледі бірақ, 2013 жылғы 26 наурыздан ерте емес).

      Тестiлеу рәсімдерін өткізудің және тестілеу программаларын жетілдірудің қауіпсіздігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тестiлеудi өткiзу ережесiн, Тестiлеу программаларын және Тестiлеу нәтижелерiнiң шектi мәнiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне № 5113 тiркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында № 6, 2008 жылғы 10 маусымда жарияланған) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілген Мемлекеттiк қызметшiлердi және бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үмiткер азаматтарды тестiлеуден өткiзу ережесi:
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығымен жүзеге асырылады.».
      2. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Төраға                                       А. Байменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады