Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 04 ақпандағы № 26 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 ақпанда № 8348 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 362 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.04.2016 № 362 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1454 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларының 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.К Нурабаев) осы бұйрықтың заңмен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны одан әрі бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е. Сауранбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары –
      Қазақстан Республикасы Индустрия
      және жаңа технологиялар министрі                    Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы     
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
2013 жылғы 4 ақпандағы     
№ 26 бұйрығымен бекітілді   

Қазақстан Республикасындағы техногендік минералдық
түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасындағы техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1454 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларының 6-тармағына сәйкес әзірленген.
      2. Қазақстан Республикасының техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын (бұдан әрі – ТМТ МК) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүргізеді және жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жай-күй бойынша жыл сайын толтырылып отырады.

2. Техногендік минералдық түзілімдердің
мемлекеттік кадастрын жүргізу

      3. Мемлекеттік кадастрына есепке алу паспорттарын жасау үшін (бұдан әрі – Паспорт) меншік нысанына және жұмыстарды қаржыландыру көздеріне қарамастан, жыл сайын барлық жер қойнауын пайдаланушылар:
      кен орындарын игеру кезінде қалдықтар жинақталған;
      пайдалы қазбалар байытылғанда және минералдық шикізатты металлургиялық тұрғыдан білген;
      игерудің жаңа технологиялық жобалары бекітілген жағдайда жасайды.
      4. ТМТ МК жүргізу үшін Паспорт жасалады, жер қойнауын пайдаланушы жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жай-күй бойынша төрт данадан толтырады, бекітеді және 15 ақпаннан кешіктірмей мерзімде қағаз және электрондық тасымалдаушыларда: екеуі - уәкілетті органның өңіраралық департаментіне (бұдан әрі - ӨД), үшіншісі - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді, төртіншісін - жер қойнауын пайдаланушы өзінде сақтайды.
      5. ӨД паспорттар келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде бір данасын уәкілетті органға жібереді.
      6. Уәкілетті орган келіп түскен паспорттарды ТМТ МК-ге енгізеді және:
      мемлекеттік кадастрдың материалдарын жинауды, есепке алуды, жүйелеу мен сақтауды;
      ТМТ МК деректерін есептеу техникасын пайдалана отырып, өңдеудің автоматтандырылған жүйесін құруды және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

3. Паспортты жасау тәртібі

      7. Паспорт Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
      8. Паспорттың титулдық парағының екінші жағында есептегі объектінің сызбалық картасы объекті орталығының географиялық координаттарымен бірге орналасады.
      9. Паспорт мынадай деректерді есепке алу бағандары бар нөмірленген кестелерден тұрады:
      2 - кесте – сақтаудың тау-кен-техникалық талаптары:
      1-3 - бағандар – негізінің сипаттамасы (қойма орналасқан тау жынысының сипаттамасы, сақтау негізі);
      4-7 - бағандар – бөгет салу кезінде пайдаланатын тау жыныстарының сипаттамасы (бөгет бар болған жағдайда);
      3 - кесте – әкімшілік жағдайы (есептегі объектінің әкімшілік жағдайы).
      1 - баған – облыс;
      2 - баған – аудан;
      3 - баған – қала, кент;
      4 - кесте – жақын магистральға дейінгі қашықтық;
      1 - баған – автомобиль жолы, километр;
      2 - баған – темір жол, километр;
      3 - баған – кемежай, километр;
      4 - баған – электр беру желісі, километр;
      5 - кесте – есептегі объекті:
      1 - баған – ТМТ МК түрі (есептегі объектінің толық атауы: мысалы: кондициялық емес кендердің үйінділері немесе байыту фабрикасының қалдықтары, немесе металлургиялық зауыттың қождары (шламдары);
      2 - баған – объектінің атауы (объектінің толық атауы, мысалы: Балқаш тау-кен-металлургия комбинатының қож үйінділер немесе Текелі байыту фабрикасының қалдық қоймасы);
      3 - баған – бастапқы шикізат (ТМТ МК қалыптастыруға қатысатын тау жыныстарының, кендердің және қалдықтардың генетикалық түрлері);
      4 - баған - түзілу жағдайы (үйіндінің немесе қалдық қоймасының түзілу технологиясы, мысалы, автотасымалдау, экскавация, қойыртпақты жуып-шаю);
      5 - баған – қашықтық, км (объектінің тау кен өндіруші және қайта өңдейтін кәсіпорындардан алыстығы, километрмен);
      6-7 - бағандар – кезең (өндіріс қалдықтарын қоймалаудың басталған және тоқтатылған жылы, үйінділер мен қоймалар пайдалануда болған жағдайда ТМТ МК түзіле басталған жыл).
      6 - кесте – объектінің параметрлері:
      1-3 - бағандар – ұзындығы, ені, биіктігі, километр;
      4 - баған – алаң, шаршы километр;
      5 - баған – есепті жылдағы өндіріс қалдықтарының жылдық шығысы, мың тонна;
      6-7 - бағандар – Паспортты жасау сәтіндегі (көлем, мың текше метр);
      8-11 - бағандар – 1992 жылға дейін және 1992 жылдан кейін (ТМТ МК 1992 жылға дейін және 1992 жылдан кейін жиналған меншік құқығы бойынша бөлу, мың текше метр және салмағы, мың тонна);
      12-13 - бағандар – шығындар, мың теңге (алдыңғы жылғы және барлық ТМТ-ның түзілу кезіндегі шығыны, мың теңге).
      7 - кесте – кен орнының бастапқы шикізатының сиятын және аршылатын жыныстарының петрографиялық және литологиялық құрамы:
      1 - баған – ТМТ МК көзі болып табылатын кен орнының генетикалық түрі;
      2 - 3 - бағандар – ТМТ МК көзінің минералдану сипаты ( Кең таралған пайдалы қазбалар үшін (бұдан әрі – КПҚ) негізгі және ілеспе ТМТ МК көзінің минералдану сипаты толтырылмайды);
      4 - баған – сиятын жыныстар;
      5 - баған – аршу жыныстары;
      8 - кесте – ТМТ МК грануметриялық құрамы мен физикалық-механикалық қасиеті:
      1 - баған – пайдалы қазба (пайдалы қазбаның толық атауы);
      2 - баған – саны, пайызы (пайдалы қазбаның ТМТ МК жалпы салмағындағы саны пайызбен);
      3 - 11 - бағандар – бағандарға сәйкес ТМТ МК-нің негізгі физикалық-механикалық қасиеті мен грануметриялық құрамы.
      9 - кесте – минералдық құрамы:
      1 - баған – кен минералдары (әр бір жолдағы кен минералдарының толық атауы);
      2 - баған – кен емес минералдар (әр бір жолдағы кен емес минералдардың толық атауы);
      10 - кесте – химиялық құрамы (барлық пайдалы қазбалар туралы оның ішінде қалайы, қорғасын, мырыш, мыс, никель, кадмий, кобальт, хром, ванадий және басқалар сияқты аса улы элементтер туралы толық деректер келтіріледі;
      сондай-ақ осы элементтердің жоқтығы («жоқ») көрсетіледі:
      1 және 6 - бағандар – атауы, нышан (әр қатардағы әр кен құрамының және силикаттық бөліктің толық атауы мен нышаны);
      2–4 - бағандар және 07 – 09 бағандар – мазмұны, пайызы (кен құрамының және силикаттық бөліктің пайыздық ең төменгі, ең жоғарғы және орташа мазмұны КПҚ үшін толтырылмайды);
      5 - баған – қорлар, мың теңге (кен құрамының қорлары, мың тонна);
      11 - кесте – ТМТ МК сақтаудың гидрогеологиялық талаптары.
      1–4 - бағандар – үйінді, қалдық немесе шлам сақтау қоймаларының гидрогеологиялық жағдайы анықталады.
      12 - кесте – ТМТ МК зерттелу дәрежесі;
      1–3 - бағандар – кім және қашан зерттеді, есептік материалының атауы зерттелу сатылары мен олардың сатылары;
      13 - кесте – қоршаған ортаның сипаттамасы (кестені толтыру кезінде кәсіпорын әзірлеген және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіскен өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасынан деректер пайдаланылуы тиіс).
      1-3 - бағандар – ТМТ МК орналасуының климаттық шарттарының сипаттамасы (ТМТ МК орналасқан аудандағы климаттық шарттар туралы мәліметтер, желдің бағыты, желдің жылдамдығы және жауын-шашын түсу жиелігі);
      4-7 - бағандар – қоршаған ортаның жай-күйінің фондық параметрлері (редакция деңгейінің фондық мәні, жерүсті және жерасты суларының жай-күйі, ауаның жай-күйі топырақ шомылғысының сипаттамасы);
      14 - кесте – ТМТ МК-ның қоршаған ортаға экологиялық әсері (кестені толтыру кезінде кәсіпорын әзірлеген және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасынан шыққан деректерді пайдалану қажет).
      1-2 - бағандар – жерді бөлу иелігінен шығару (жер түрі - әр жолда бір-бірден жер саны шаршы километр);
      3-6 - бағандар – маңайдағы жердің ластауын бағалау:
      3 - баған – жерлер (жерді ластауды бағалау жөніндегі деректер келтіріледі: шаңның жер үстіне түсу көлемі, шаңның ТМТ МК бетінен үрлеп тазалауды жылдық ең жоғарғы көлемі, шаңдану алаңы, іргелес аумақтардың шаңдану қашықтығы);
      4 - баған – атмосфера (улы заттардың тізімі, атмосфераға шаң тастаудың қарқындылығы және олардың концентрациясы келтіріледі);
      5–6 - бағандар – жерүсті және жерасты сулары (жерүсті және жерасты суларының ластануы бағалау туралы деректер келтіріледі);
      15 - кесте – есепке алу объектісін нақты пайдалану:
      1-3 - бағандар - есепке алу объектісі (қалдықтың атауы, олардың көлемі мен салмағы, жалпы салмағының пайызы);
      4-9 - бағандар - пайдалану (пайдалану бағыты, өндіріс технологиясы, саны жылы мың тоннада өзіндік құны тоннасына арналған теңгемен, босату бағасы тоннасына теңгемен тұтынушылық);
      16 - кесте – кешенді пайдаланудың перспективалары (бағандар бойынша қалдықтарды кешенді пайдаланудың перспективалары мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар көрсетіледі).
      1 - баған – ТМТ МК-дегі пайдалы қазбалар;
      2-4 - бағандар – ТМТ МК өңдеудің және қайта өңдеудің мүмкін тәсілдері (өнімнің атауы, өндіріс технологиясы, өнімді әлеуетті тұтынушылар);
      5 - баған – ТМТ МК иеленген жерлерді қайта қалпына келтіру;
      17 - кесте – объект туралы дереккөздер (Паспортты жасау кезінде пайдаланылған объекті туралы дереккөздер):
      1 - баған – құжаттың атауы;
      2 - баған – құжаттың мазмұны;
      3 - баған – автор - (титулдық парақта бірінші аталған құжат авторының құрастырушының аты-жөні, немесе ұйымның (мекеменің) атауы);
      4 - баған – хаттама (қорларды (кондицияларды) бекіту хаттамасының нөмірі);
      5 - баған – бекітілген (басылған) жыл.
      6 - баған – сақтау орны (құжатты сақтау орны).

Техногендік минералдық түзілімдердің
мемлекеттік кадастрын     
жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа  
қосымша            

Бекітті _________________
_________________________
Аты-жөні, лауазымы  
_________       ________
қолы            күні 

М.О.                 

нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ТЕХНОГЕНДІК МИНЕРАЛДЫҚ ТҮЗІЛІМДЕРДІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КАДАСТРЫНЫҢ ЕСЕПКЕ АЛУ ПАСПОРТЫ
№ _____________________

Есепке алу объектісі ________________________________________________

Паспортты жасаушы туралы мәліметтер
(жер қойнауын пайдаланушы)___________________________________________
_____________________________________________________________________

ПАСПОРТТЫ ҚАБЫЛДАУ

Ұйым

Аты-жөні

лауазымы

қолы

күні

Аумақтық орган





«Казгеоақпарат» РГАО *





1. Есепке алу объектісінің схемалық картасы

Географиялық координаттар:

Масштаб:

2. Сақтаудың тау-кен техникалық талаптары

Негіздің сипаттамасы

Дамбаның сипаттамасы

жыныс түрі

су өткізгіштігі

физикалық- механикалық қасиеті

жыныс түрі

параметрлері

физикалық-механикалық қасиеті

негіз ені, км

биіктігі бойынша ені, км

1

2

3

4

5

6

7

3. Әкімшілік жағдай

Облыс

Аудан

Қала, кент

1

2

3

4. Жақын магистральға дейінгі қашықтық

Автокөлік жолы, км

Теміржол, км

Айлақ, км

Электрді тарату желісі, км

1

2

3

4

5. Есепке алу объектісі

ТМТ** түрі

Объектінің атауы

Бастапқы шикізат

Түзілу талаптары

Қашықтығы, км

Кезеңі

басы

аяғы

1

2

3

4

5

6

7

6. Объектінің параметрлері

Ұзындығы, км

Ені, км

Биіктігі, км

Алаңы, шаршы км

Есепті жылдағы өндіріс қалдықтарының жылдық шығысы, мың теңге

1

2

3

4

5

кестенің жалғасы

Паспортты жасаған сәтте

1992 жылға дейін

1992 жылдан кейін

Шығыс, мың теңге

көлемі, мың текше метр

массасы, мың теңге

көлемі, мың текше метр

массасы, мың теңге

көлемі, мың текше метр

массасы, мың теңге

алдыңғы жылға

барлығы

6

7

8

9

10

11

12

13

7. Кен орнының бастапқы шикізатының сиятын және аршу
жыныстарының петрографиялық және литологиялық құрамы

ТМТ** көзі болып табылатын кен орнының генетикалық түрі

ТМТ** көзінің минералдану сипаты

Сиятын жыныстар

Аршу жыныстары

негізгі

ілеспе

1

2

3

4

5

8. ТМТ** гранулометриялық құрамы мен физикалық-механикалық қасиеті

Пайдалы қазбалар

Саны, %

Қаттылығы,

Ылғалдылығы, %

Көлемдік салмағы, г/см3

Тығыздығы, г/см3

Ірілік кластары, %






1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

9. Минералдық құрамы

Кен минералдары

Кен емес минералдар

1

2

10. Химиялық құрамы

Кен компоненттері

Силикаттық бөлік

Атауы, нышан

Құрамы, %

Қорлар, мың т

Атауы, нышан

Құрамы, %

ең төменгі

ең жоғарғы

орташа

ең төменгі

ең жоғарғы

орташа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

11. ТМТ** сақтаудың гидрогеологиялық талаптары

Құрғақ

Ішінара құрғатылған

Суланған

Жүзетін аймақтардың барлығы

1

2

3

4

12. ТМТ** зерттелу дәрежесі

Кім және қашан зерттеді

Есеп материалының атауы

Объектінің зерттелген параметрлері мен олардың сатылары

1

2

3



а) геологиялық барлау және (немесе) экологиялық химиялық жұмыстар



б) қайта өңдеу технологиясын әзірлеу



в) Тәжірибелі жұмыстар



г) жобалау және (немесе) құрылыс жұмыстары

13. Қоршаған ортаның сипаттамасы

ТМТ** орналасуының климаттық талаптарының сипаттамасы

Қоршаған ортаның жай-күйінің фондық параметрлері

желдің шапшаңдығы

желдің жылдамдығы, м/сек

жауын-шашын түсудің жиілігі

Радиация деңгейі

жерүсті және жерасты суларының жай-күйі

ауаның жай-күйі

топырақтық жамылғының сипаты

1

2

3

4

5

6

7

14. ТМТ**-ның қоршаған ортаға экологиялық әсері

Жерді алу

Қоршаған ортаның ластануын бағалау

жердің түрі

саны, шаршы шақырым

жерді

атмосфераларды

жерүсті суларын

жерасты суларын

1

2

3

4

5

6

15. Есепке алу объектісін нақты пайдалану

Есепке алу объектісі

Пайдалану

Қалдықтардың атауы

саны, мың т. және мың текше-метр

жалпы массасынан %

пайдаланудың бағыты

өндіріс технологиясы

саны, жылына мың т.

өзіндік құны, теңге /тоннасына

босатылатын баға, теңге /тоннасына

тұтыну

1

2

3

4

5

6

7

8

9

16. Кешенді пайдалану перспективалары

ТМТ**-дегі пайдалы қазбалар

ТМТ** өңдеудің және қайта өңдеудің мүмкін болар тәсілдері

ТМТ** иеленген жерлерді қайта қалпына келтіру

өнімнің атауы

өндіріс технологиясы

өнімді әлеуетті тұтынушылар

1

2

3

4

5

17. Объекті туралы дерек көздері

Құжаттың атауы

Құжаттың мазмұны

Автор

Хаттамалар №

Бекітілген жыл

Сақтау орны

1

2

3

4

5

6

«Казгеоақпарат» РГАО* – «Казгеоақпарат» Республикалық геологиялық ақпарат орталық мемлекеттік мекемесі.
ТМТ** – Техногендік минералдық түзілім.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады