"Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 04 сәуірдегі № 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 23 сәуірде № 8432 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 240 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 21.05.2014 № 240 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 249 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде № 7718 тiркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 27.08.2012 ж. № 11 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдiстемесiнде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тиiмдiлiктi бағалау жүргiзу үшiн мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бағаланатын кезеңге мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының ұсынымдары мен қаулылары негізінде бақылау нәтижелерi туралы ақпаратты бюджеттi атқару жөнiндегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың уәкiлеттi органына және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктеріне бередi.»;
      10-тармақта:
      2)3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) «Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының тексеру қорытындылары бойынша бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы» критерийi бойынша:
      тексеру жүргiзiлген (мемлекеттiк органдардың iшкi бақылау қызметтерiнен басқа) мемлекеттiк қаржылық бақылау органы;
      есептi кезеңдегi тексерулер саны;
      бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемі;
      есептi кезеңдегi анықталған бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтар, оның iшiнде:
      бюджетке қаражаттың түсуi кезiнде (кiрiс бөлiгi);
      мемлекеттiң бюджет қаражаты мен активтерiн пайдалану кезiнде;
      бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктi жүргізу кезiнде;
      бюджеттiк рәсiмдер мен мемлекеттік сатып алу туралы рәсімдердің белгiленген мерзімдерінің, орындалу тәртібінің сақталмауы.
      Одан әрi есептi кезеңдегi бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемiнен бұзушылықтардың үлесi келтiрiледi.
      Мемлекеттiк органда анықталған бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтардың жалпы сомасы қаржылық бақылау органдары анықтаған бұзушылықтарды қосу жолымен айқындалады.
      Бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының көлемi қаржылық бақылау органдары бақылаумен қамтыған қаражат көлемдерiн қосу жолымен айқындалады;
      3) «Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген ұсынымдар мен қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар» критерийi бойынша мыналар көрсетiледi:
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасының көлемi;
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының енгізген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасының жалпы көлеміне белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемi;
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгізген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуда көрсету жолымен қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасы;
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуда көрсету жолымен бюджетке қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасына қарағандағы белгiленген мерзiмде қалпына келтiрiлген бұзушылықтар сомасының көлемi;
      қайтарылған және қалпына келтiрiлген сомалардың көлемiн қоспағанда, есептi кезеңдегi мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген ұсынымдары мен қаулыларының жалпы санына қарағанда толық және белгiленген мерзiмде орындалған мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының ұсынымдары мен қаулыларының саны көрсетiледi;
      4) «Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметiнiң жұмысы» критерийi бойынша:
      iшкi бақылау қызметiнің функцияларын бақылау іс-шаралар жоспарымен қамту;
      iшкi бақылау қызметтерiнің жұмысында басқару тәуекелдері жүйесін қолдану;
      iшкi бақылау қызметін тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдарды орындау;
      мемлекеттiк органның бюджет қаражатының жалпы көлемiнен ІБҚ бақылауымен қамтылған бюджет қаражатының үлесі;
      iшкi бақылау қызметінің мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмейтін қорытындылары көрсетіледі.»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) «Бюджеттi атқару жөнiндегi ұйымдастыру шаралары» критерийi бойынша:
      мемлекеттiк сатып алу жылдық жоспары тармақтарының жалпы санына қарағанда мемлекеттiк сатып алу жоспарының орындалған тармақтары санының үлесi;
      мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарының жалпы көлемiне қарағанда мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарының орындалған тармақтарының бюджеттiк қаражаты көлемiнiң үлесi;
      бюджеттiк инвестициялық жобаның сметалық құнын ұлғайту фактiлерiнiң болмауы немесе болуы және бюджеттiк инвестициялық жобаның сметалық құнын ұлғайту себептерi;
      объектiлердi белгiленген мерзiмде беру (iске қосу) есептi кезеңде пайдалануға беру жоспарланған объектiлердiң саны және беру (iске қосу) көзделген бюджеттiк бағдарламалардың саны көрсетiледi. Уақтылы пайдалануға берiлмеген объектiлер бойынша объектiлердiң жалпы санына қарағанда уақтылы пайдалануға берiлмеген объектiлердiң үлесi келтiрiледi, сондай-ақ пайдалануға берудiң кешiгу себептерi көрсетiледi;»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк бағдарламалары, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламалары/ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының дамуға арналған бюджеттік бағдарламаларының тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттiк даму бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының атқарылу пайызы тиiстi қаржы жылына арналып бөлiнген бюджет қаражатының игерiлуi деп түсiндiрiледi.
      Осы критерий бойынша бағалау жүргізу кезінде бюджеттік бағдарламаны бөлуге әкімшілік ететін мемлекеттік органының қаржыландырудың жиынтық жоспарынан бөлінетін бюджеттік бағдарламаның бөлінбеген сомасы бір жылға алынып тастайды.»;
      5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«5. «Iшкi бақылау қызметтерi енгiзген ұсынымдары мен
қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған)
шаралар» критерийi бойынша бағалау

      19. «Бюджет қаражатының жалпы көлемiне iшкi бақылау қызметтерiмен тексерiлген бюджет қаражатының көлемi» критерийi бойынша бағалау:
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасының көлемiн;
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасына қарағандағы белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемiн;
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасының көлемiн;
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алу бойынша көрсету жолымен бюджетке қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасына қарағанда белгiленген мерзiмде қалпына келтiрiлген бұзушылықтар сомасының көлемiн;
      қайтарылған және қалпына келтiрiлген сомалардың көлемiн қоспағанда, есептi кезеңдегi мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген ұсынымдары мен қаулыларының жалпы санына қарағанда толық және белгiленген мерзiмде орындалған мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының ұсынымдары мен қаулыларының саны көрсетiледi.
      20. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулылары ақпарат көзi болып табылады.
      21. Баға Әдiстемеге 7-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес қойылады.»;
      6-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«6. «Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметiнiң жұмысы»
критерийi бойынша бағалау

      22. «Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметiнiң жұмысы» критерийi бойынша бағалау Әдiстемеге 7-қосымшада көрсетiлген мәндерге сәйкес көрсеткіштерді анықтау жолымен қойылады.
      23. «Ішкi бақылау қызметінің функцияларын бақылау іс-шаралар жоспарымен қамту» көрсеткіші есепті кезеңде бағалау жүргізіліп отырған мемлекеттік органның iшкi бақылау қызметінің бақылау іс-шаралар жоспарымен көзделген тиісті іс-шаралармен iшкi бақылау қызметінің негізгі функцияларын қамту дәрежесін сипаттайды.
      23-1. Осы критерий шеңберінде:
      мемлекеттік органда, оның аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында басқару жүйесінің жұмыс істеуіне бағалау;
      Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын мемлекеттік органның сақтауына тексеру;
      мемлекеттік органның стратегиялық және операциялық жоспарларының іске асырылуына бақылау, нәтижелерін бағалау;
      мемлекеттік органның есепке алуды және есептілікті дәйекті және дұрыс жүргізуіне бақылау;
      бақылау объектілеріне жіберілетін ұсыныстар мен бақылау нәтижелерінің қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуына бақылау бағалауға жататын ішкi бақылау қызметінің негізгі функциялары болып табылады.
      23-2. Көрсеткішті есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      мұнда:
      A – iшкi бақылау қызметiнің функцияларын бақылау іс-шаралар жоспарымен қамту;
      Zb – әрбір бағаланатын функцияның іс-шаралармен қамтылу коэффициенті (b);
      E – iшкi бақылау қызметiнің бағаланатын функцияларының жалпы саны.
      Бұл ретте Zb = 1, егер жоспармен көзделген іс-шаралар бағаланатын функцияға толығымен сәйкес келсе (b); Zb = 0,5, егер жоспармен көзделген іс-шаралар бағаланатын функцияға ішінара сәйкес келсе және Zb = 0, егер есепті кезеңде iшкi бақылау қызметі бағаланатын функцияға сәйкес бір де бір іс-шара жоспарламаса.
      24. «Ішкi бақылау қызметінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану» көрсеткіші тәуекелдер негізінде әзірленген ішкі бақылау қызметінің іс-шараларының болуын анықтайды.
      Көрсеткіш есебі бағаланатын мемлекеттік органның тәуекелдерді ескере отырып әзірленген іс-шараларының болуы/болмауы мәніне есепті кезеңде бақылау іс-шараларының жоспарын талдау жолымен жүзеге асырылады.
      24-1. «Ішкi бақылау қызметіне тексеру жүргізу нәтижелері бойынша ұсынымдарды орындау» көрсеткіші орындалуы есепті кезеңде көзделген ұсынымдардың жалпы санына ішкi бақылау қызметтерінің тексерулерінің нәтижелері бойынша мемлекеттік органның басшысы қабылдаған мемлекеттік органның бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының белгіленген мерзімде және толығымен орындаған ұсынымдары санының ара қатынасы ретінде есептеледі.
      24-2. «Мемлекеттік органның бюджет қаражатының жалпы көлемінен ішкі бақылау қызметінің бақылауымен қамтылған бюджет қаражатының үлесі» көрсеткіші есепті кезеңде ішкi бақылау қызметтерінің тексерулерімен қамтылған бюджет қаражаты көлемінің облыстық бюджеттік бағдарламалардың/республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшісінің/ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның дамуға арналған бюджеттік бағдарламасының тиісті қаржы жылына бөлінген бюджет қаражатының жалпы сомасына қатынасы ретінде есептеледі.
      24-3. «Ішкі бақылау қызметі қорытындыларының мемлекеттік қаржылық бақылау қызметінің стандарттарына сәйкес келмейтін үлес» көрсеткіші есепті кезеңде жүргізілген бақылау нәтижелері бойынша ішкі қызметпен жасалған қорытындылардың жалпы санына мемлекеттік қаржылық бақылаудың стандарттарына сәйкес келмейтін ішкі бақылау қызметі қорытындыларының саны ретінде есептеледі.
      24-4. Есепті кезеңде бағаланатын мемлекеттік органның ішкі бақылау қызметінің бақылау іс-шараларының жоспары, ішкі бақылау қорытындылары бойынша қорытындылар, ішкі бақылау нәтижелері туралы есептер ақпарат көздері болып табылады.»;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Облыстың бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы мәслихаттың шешiмi, жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органдардың қаулылары және жергілікті бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарлары, жергiлiктi бюджеттердi орындау туралы талдамалы есеп, жылдың қорытындылары бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнің атқарылуы туралы есеп ақпарат көзi болып табылады.»;
      31-тармақ алынып тасталсын;
      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «43. Республикалық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарының 7 «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімі мен аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары, оларды іске асыру есептері, аудан (облыстық маңызы бар қала) аймағының даму бағдарламасы және оның іске асырылуы туралы есеп ақпарат көздері болып табылады.»;
      12-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«12. «Бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тиімділігі»
критерийі бойынша бағалау

      48. «Бюджеттiк бағдарламаларды орындаудың тиiмдiлiгi» критерийi бойынша бағалау бюджеттiк бағдарламаның тiкелей нәтижеге қол жеткiзу пайызын тиiстi қаржылық жылға бөлiнген қаражатты iс жүзiнде игерiлуiнiң пайызына бөлу жолымен жүзеге асырылады.
      Бюджеттiк бағдарламаны орындаудың тиiмдiлiгi былай анықталады:
      Эф б/б = % ПР / % OC х 100%
      мұнда, Эф б/б – бюджеттiк бағдарламаны орындау тиiмдiлiгi;
      % ПР – тiкелей нәтижеге қол жеткiзу пайызы;
      % OC – бюджет қаражатын игеру пайызы.
      Бюджеттiк бағдарламаны орындаудың тиiмдiлiгiн бағалау Әдiстемеге 7-қосымшада көрсетiлген мәндерге сәйкес айқындалады.
      Бюджеттiк бағдарламаның тiкелей нәтижесiне 90,1%-дан кем қол жеткiзiлген болса, онда бюджеттiк бағдарламаның тиiмдiлiгi «0 пайызға» тең болады.
      Жергілікті бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бойынша барлық бюджеттiк бағдарламалар бойынша тиiстi балл берiлетiн тиiмдiлiктiң орташа баллы әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша баллдарды қосу және алынған соманы бюджеттік бағдарламаның жалпы санына бөлу жолымен айқындалады.
      Жергiлiктi атқарушы органдар бойынша осы критерий бойынша бағалау жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың барлық әкiмшiлерi бойынша бюджеттiк даму бағдарламаларды орындаудың тиiстi балл берiлетiн тиiмдiлiгi критерийiнiң орташа баллы түрiнде айқындалады.
      49. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеп, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының 7 «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімі, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары, аудан (облыстық маңызы бар қала) аймағының даму бағдарламасы және оның іске асырылуы туралы есеп ақпарат көзі болып табылады.»;
      15-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың бюджет қаражатын басқару тиiмдiлiгiн қорытынды бағалау

       54. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың бюджет қаражатын басқару тиiмдiлiгiн қорытынды бағалау барлық критерийлер бойынша баллдарды қосумен және алынған мәнді түзету коэффициентіне көбейтумен айқындалады.
      Қорытынды бағана есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      мұнда,
      Q – бағаланатын мемлекеттік органды бағалаудың қорытындысы;
      T – барлық критерийлер бойынша алынған баллдардың қосындысы;
      P – түзету коэффициенті.
      54-1. Алынған тиімділіктің қорытынды бағасының мәні 100-ден артық болған жағдайда қорытынды баға 100 баллға тең болып алынады.
      54-2. Түзету коэффициенті – басқа бағаланатын жергілікті атқарушы органдармен салыстырғанда бюджет қаражатын басқару бойынша артық жүктемесі бар жергілікті атқарушы органның қорытынды бағасын түзету мақсатында есептелетін көрсеткіш.
      54-3. Түзету коэффициенті «жүктеме индексі» көрсеткішімен өлшенетін, бағаланатын жергілікті атқарушы органның жүктемелік деңгейінің негізінде айқындалады.
      54-4. Жүктеме индексі орта деңгейден артық мемлекеттік органдар үшін түзету коэффициенті 1,01-ден 1,10-ға дейінгі интервалындағы (қалыпты қадаммен) мәнді қабылдайды - осы жергілікті атқарушы органдардың арасында аз жүктелгендерден көбіне қарай тең бөлінеді. Жүктемесі ең көп жергілікті атқарушы органға қолданылатын түзету коэффициентінің барынша көп мәні 1,10 құрайды.
      54-5. Жүктеме индексі орта деңгейден төмен жергілікті атқарушы органдар үшін түзету коэффициенті 1 тең болып қабылданады.
      54-6. Жүктеменің орташа деңгейі жергілікті атқарушы органдар үшін жеке айқындалады және бағаланатын жергілікті атқарушы органдардың жүктеме индексінің орташа арифметикалық ретінде есептеледі.
      54-7. Түзету коэффициентін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бағаланатын мемлекеттік орган үшін жеке есептейді. Мемлекеттік органдардың түзету коэффициенттерінің барынша көп және барынша аз мәндерін айқындау жергілікті атқарушы органдар үшін жеке жүргізіледі.
      54-8. Жүктеме индексі – бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік органға арналған жүктеменің деңгейін айқындайтын құрамдас көрсеткіш.
      Жүктеме индексі мынандай көрсеткіштердің негізінде есептеледі:
      Мемлекеттік органның бағаланатын бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының көлемі (есепті кезеңдегі түзетілген бюджет) мың теңге;
      Бағаланатын мемлекеттік органның тиісті қаржы жылына арналған бағаланатын бюджеттік бағдарламаларының саны, бірлік.
      54-9. Жүктеме индексін есептеу осы Әдістеменің 54-9-тармағында көрсетілген сызықтық масштабтау әдісімен салыстырмалы түрге келтірілген көрсеткіштерді қайта көбейту жолымен жүзеге асырылады.
      54-10. Жеке мемлекеттік орган үшін жүктеме индексін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      мұнда,
      Si– жеке мемлекеттік органның жүктеме индексі (i);
      bi– салыстырмалы түрге келтірілген, мемлекеттік органдардың бағаланатын бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражаты көлемінің көрсеткіші (i);
      ci– салыстырмалы түрге келтірілген, бағаланатын мемлекеттік органның бағаланатын бюджеттік бағдарламалары санының көрсеткіші (i).
      54-11. Салыстырмалы түрге келтірілген, мемлекеттік органдардың бағаланатын бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражаты көлемінің көрсеткішін есептеу мына формула бойынша есептеледі:

      мұнда,
      Ri-мемлекеттік органдардың бағаланатын бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражаты көлемінің көрсеткіші (i);
      Rmin- бағаланатын мемлекеттік органдардың арасында бағаланатын бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражаты көлемі көрсеткішінің ең аз мәні;
      Rmaх-бағаланатын мемлекеттік органдардың арасында бағаланатын бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражаты көлемі көрсеткішінің ең көп мәні.
      54-12. Салыстырмалы түрге келтірілген, бағаланатын мемлекеттік органның тиісті қаржы жылына арналған бағаланатын бюджеттік бағдарламалар санының көрсеткішін есептеу мына формула бойынша есептеледі:

      мұнда,
      Ki - бағаланатын мемлекеттік органның тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар санының көрсеткіші (i);
      Kmin - бағаланатын мемлекеттік органның тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар саны көрсеткішінің ең аз мәні;
      Kmaх - бағаланатын мемлекеттік органдардың арасында тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар саны көрсеткішінің ең көп мәні.»;
      17-бөлім алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 18, 19 және 20-бөлімдермен толықтырылсын:

       «18. Қайта ұйымдастырылған және таратылған мемлекеттік органдарды бағалау жүргізу тәртібі

       63. Бағаланатын мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда бағаланатын жылдың бірінші жартыжылдығында осы органды бағалау мемлекеттік органды - құқық мирасқорын бағалау шеңберінде жүзеге асырылады және мемлекеттік орган – құқық мирасқорын бағалаудың қорытынды баллын есептеу кезінде ескеріледі.
      64. Бағаланатын мемлекеттік орган бағаланатын жылдың екінші жартыжылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда осы органды бағалау жүзеге асырылмайды.
      65. Бағаланатын жылдың екінші жартыжылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған мемлекеттік органның қызметін талдау мемлекеттік органды - құқық мирасқорын бағалау шеңберінде ескеріледі, ұсынымдар ретінде пайдаланылады және мемлекеттік органның - құқық мирасқорының қорытынды балына енгізілмейді.

19. Бағалау нәтижелерін қайта шағымдану рәсімі

       66. Бағалау нәтижелерін алған күннен бастап бағаланатын орган бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, бес жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға растайтын құжаттармен наразылық жіберуге құқылы.
      Белгіленген мерзім өткеннен кейін бағаланатын мемлекеттік органдардың наразылықтары қабылданбайды.
      67. Бағалау нәтижелеріне наразылық болмаған жағдайда бағаланатын мемлекеттік орган бес жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға тиісті хабарлама ұсынады.
      68. Қайта шағымдану рәсімін жүргізу үшін ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органда Арнайы комиссия құрылады, оның құрамына наразылықтарын ұсынған мемлекеттік органдарды бағалауға қатысқан қызметкерлер кіруі мүмкін. Арнайы комиссияның саны мен құрамын ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган дербес айқындайды, бірақ бес адамнан кем болмауы тиіс.
      69. Бағаланатын мемлекеттік органдардан растайтын құжаттары бар наразылықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган Әдістеменің 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджет қаражатын басқару қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша келіспеушілік кестесін (бұдан әрі - Келіспеушілік кестесі) қалыптастырады және Арнайы комиссияның қарауына енгізеді.
      70. Арнайы комиссия наразылықтарды қарау және бағалау нәтижелерінің объективтілігін айқындау бойынша отырыстар өткізеді, оған наразылық берген бағаланатын мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ мүдделі салалық орталық мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылады.
      71. Арнайы комиссия отырыстарының және наразылықтарды қарау қорытындысы туралы алқа шешімінің қабылдануы нәтижелері бойынша Келіспеушілік кестесі пысықталады және Арнайы комиссияның төрағасы және бағаланатын мемлекеттік органның өкілі қол қояды.
      72. Бағаланатын мемлекеттік органдардан растайтын құжаттары бар наразылықты алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде Арнайы комиссияның қайта тексеруінің нәтижелері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган Сарапшылық комиссиясының жұмыс органына және бағаланатын мемлекеттік органдарға наразылықты қабылдайтыны не қабылдамайтыны туралы негізделген қорытындыны жібереді. Наразылықтар қабылданған жағдайда сонымен бірге бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік органның қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелері туралы түзетілген қорытынды жіберіледі.

20. Мемлекеттік органдардың толық емес және сапасыз ақпарат
ұсынуы

      73. Бағаланатын мемлекеттік орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға Әдістеменің 12345-қосымшаларға сәйкес толық және дәйекті ақпаратты Бағалау жүргізу кестесінде белгіленген мерзімде ұсынады.
      74. Уақтылы емес, толық емес және дәйексіз есептік ақпарат ұсынылған жағдайда мемлекеттік органның қорытынды бағасынан осы бағыт бойынша айыппұл баллдары шегеріледі.
      75. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға Бағалау жүргізу кестесінде көзделген мерзімнен кеш ұсынылған есептік ақпарат уақтылы емес деп танылады.
      Мемлекеттік органның уақытылы емес есепті ақпарат ұсынғаны үшін 1 айыппұл баллы көзделген.
      76. Есепті ақпараттың құрылымына белгіленген талаптарда көзделген элементтері (қосымшалар, бөлімдер, тараулар, кестелер, көрсеткіштердің мәндері және т.б.) жоқ есепті ақпарат Әдістемеге қосымшаларға сәйкес толық емес деп танылады.
      Мемлекеттік органның толық емес есепті ақпарат ұсынғаны үшін 1 айыппұл баллын шегеру көзделген.
      77. Қайта тексеру барысында дұрысқа сәйкес келмейтін фактілер анықталған есепті ақпарат дәйексіз деп танылады.
      Мемлекеттік органның дәйексіз есепті ақпарат ұсынғаны үшін 1 айыппұл баллы көзделген.
      78. Уақтылы емес, толық емес, дұрысқа сәйкес келмейтін ақпараттардың фактілері бағаланатын мемлекеттік органдардың есепті ақпаратында қамтылған деректерді қайта тексеру қорытындысы бойынша жасалатын Әдістеменің 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша салыстыру актісінде тіркелуі тиіс.
      79. Анықталған фактілер бойынша ақпарат Мемлекеттік органның қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелері туралы қорытындының «Қорытындылар мен ұсынымдар» бөлімінде көрсетіледі.»;
      1-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      6-қосымшада:
      3 және 4-критерийлер мынадай редакцияда жазылсын:

      «

3.

Енгізілген мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұсынымдары мен қаулыларын орындау бойынша қабылданған (іске асырылған) шаралар



4.

Мемлекеттік органның ішкі бақылау қызметінің қызметі



»;

      6 «Бюджетті атқару жөніндегі ұйымдастыру шаралары» критерийі бойынша:
      «Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін қажет мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін нормативтік және/немесе құқықтық актілерді уақытылы қабылдау» деген жол алынып тасталсын;
      «Орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның қызметінің тиімділігін бағалау критерийлері бойынша талдау» бөлімінде 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. «Енгізілген мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұсынымдары мен қаулыларын орындау бойынша қабылданған (іске асырылған) шаралар» деген критерий бойынша»;
      4. «Мемлекеттік органның ішкі бақылау қызметінің қызметі» деген критерий бойынша»;
      7-қосымшасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 8 және  9-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Бюджеттiк рәсiмдер әдiснамасы департаментi (З.А. Ерназарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қарым-қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                                   Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2013 жылғы 4 cәуірдегі
№ 8432 бұйрығына  
1-қосымша      

Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы    
бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын
атқарушы органдардың, аудандардың (облыстық маңызы
бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының
бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің
тиімділігін бағалау әдістемесіне 1-қосымша  

Нысан

Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана
бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың,
аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті
атқарушы органдарының бюджет қаражатын басқаруының
тиімділігін бағалау жөніндегі есеп
____________________________________________________________________
(облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана
бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органның/ауданның (облыстық
маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының атауы)

р/с

Бағалау критерийлері

Нақты орындалуы

1

2

3

1.

«Тиісті қаржы жылына бөлінген қаражатты игеру» критерийі



2.

«Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы» критерийі


Бұзушылықтардың болмауы



Есепті кезеңде қаржылық бақылау органдарының тексерулер жүргізбеуі



Бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемінен бұзушылықтардың болуы


3.

Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген ұсынымдар мен қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар» критерийi


Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасының көлемi;



Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының енгізген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасының жалпы көлеміне белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемi;



Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгізген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуда көрсету жолымен қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасы;



Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуда көрсету жолымен бюджетке қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасына қарағандағы белгiленген мерзiмде қалпына келтiрiлген бұзушылықтар сомасының көлемi;



қайтарылған және қалпына келтiрiлген сомалардың көлемiн қоспағанда, есептi кезеңдегi мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген ұсынымдары мен қаулыларының жалпы санына қарағанда толық және белгiленген мерзiмде орындалған мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының ұсынымдары мен қаулыларының саны көрсетiледi


4.

«Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметiнiң жұмысы» критерийi


Ішкi бақылау қызметтерiнің функцияларын бақылау іс-шаралар жоспарымен қамту



Ішкi бақылау қызметтерiнің жұмысында басқару тәуекелдері жүйесін қолдану



Мемлекеттiк органның бюджет қаражатының жалпы көлемiнен ІБҚ бақылауымен қамтылған бюджет қаражатының үлесі



Ішкi бақылау қызметін тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдарды орындау



Ішкi бақылау қызметінің мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмейтін қорытындылары көрсетіледі


5.

«Шығыстардың бекітілген көлеміне бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қайта бөлінген қаражатының көлемі» критерийі


Шығыстардың бекітілген көлеміне бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қайта бөлінген қаражатының үлесі


6.

«Бюджетті атқару жөніндегі ұйымдастыру шаралары» критерийі


Мемлекеттік сатып алу жылдық жоспары тармақтарының жалпы санына қарағанда мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалған тармақтарының санының үлесі



Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының жалпы көлеміне қарағанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының орындалған тармақтарының бюджеттік қаражаты көлемінің үлесі



Уақтылы



Мерзімін бұза отырып



Бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнын ұлғайту фактілерінің болмауы



Болмауы



Бюджеттік инвестициялық жобалардың құжаттамасының сметалық құнын ұлғайту



Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінде бюджеттік инвестициялар жобасының болмауы



Объектілерді белгіленген мерзімде беру (іске қосу)



Уақтылы



Объектіні тапсырылуы (енгізілуі) көзделмеген



Есептілік кезеңінде пайдалануға тапсырылуы жоспарланып отырған объектілердің жалпы санына қарағанда уақтылы пайдалануға енгізілмеген объектілердің үлесі


7.

«Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу» критерийі


Қол жеткізілген көрсеткіштердің жоспардағымен салыстыру жолымен сандық көрсеткіштерді орындау


8.

«Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелерінің серпіні» критерийі


Ең көп баллға қол жеткізу (100%)



Көрсеткіштердің өсу жағына



Көрсеткіштердің азаю жағына немесе бірдей баллдар алу


9.

«Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігінің көрсеткіштерін жоспарлау сапасы» критерийі


Бюджеттік бағдарламада саны жағынан өлшенетін және бағалауға жататын болып табылатын тиімділік көрсеткіштерінің болуы



Бюджеттік бағдарламада тиімділік көрсеткіштерінің бірінің болмауы не тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік бермейтін немесе түпкі нәтижелері бар тікелей нәтижелерді қайталайтын сандық сипатының орнына іс-шаралардың болуы


10.

«Бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тиімділігі» критерийі


Бағалау бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижеге қол жеткізу пайызын тиісті қаржылық жылға бөлінген қаражатты іс жүзінде игерілуінің пайызына бөлу


11.

«Дебиторлық берешектің болмауы» критерийі


Болмауы



Дебиторлық берешектің болуы



Ұзақ мерзімді халықаралық бағдарламалар бойынша дебиторлық берешектің болуы



Дебиторлық берешектің өзгеруі:



азаю жағына қарай



ұлғаю жағына қарай


12.

«Кредиторлық берешектің болмауы» критерийі


Болмауы



Кредиторлық берешектің болуы



Ұзақ мерзімді халықаралық бағдарламалар бойынша кредиторлық берешектің болуы



Кредиторлық берешектің жыл ішіндегі өзгеруі:



азаю жағына қарай



ұлғаю жағына қарай


Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы
бар қала, астана бюджеттерінен
қаржыландырылатын атқарушы органның бірінші
басшысы/аудан (облыстық маңызы бар қала)
әкімі не оның міндеттерін орындайтын адам ________   _______________
                                           (қолы)   (таратып жазылуы)

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2013 жылғы 4 cәуірдегі
№ 8432 бұйрығына  
2-қосымша      

Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы  
бар қала, астана бюджеттерінен      
қаржыландырылатын атқарушы органдардың, 
аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
жергілікті атқарушы органдарының бюджет 
қаражатын басқару жөніндегі қызметінің 
тиімділігін бағалау әдістемесіне   
7-қосымшасы             

Критерийлер мен көрсеткіштердің баллдары

р/с №

Критерийдің/көрсеткіштің атауы

балл

1

Тиісті қаржы жылына бөлінген қаражатты игеру – 12 балл


99,6 – 100%

12


99,1 – 99,5%

10


98,6 – 99,0%

8


98,1 – 98,5%

7


97,6 – 98,0%

6


97,1 – 97,5%

5


96,6 – 97,0%

4


96,1 – 96,5%

3


95,6 – 96,0%

2


95,1 – 95,5%

1


95,0 % және одан кем

0

2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы – 7 балл


Бұзушылықтардың болмауы

7


Есепті кезеңде қаржылық бақылау органдарының тексерулер жүргізбеуі

4


Бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемінен бұзушылықтардың болуы



5 %-ға дейін

6


5,0 – 9,9 %

5


10,0 – 14,9%

4


15,0 – 19,9%

3


20,0 – 24,9%

2


25,0 – 29,9%

1


30%-дан астам

0

3

Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген ұсынымдар мен қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар – 9 балл


Есептi кезеңде тексеру жүргiзілмеуiне байланысты мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының ұсынымдары мен қаулыларының болмауы

4

3.1

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдар мен қаулыларға сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасына қарағандағы белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемi

3


100% немесе бюджетке қайтарылатын сома жоқ

3


70,0 – 99,9%

2


35,0 – 69,9%

1


34,9%-ға дейін

0

3.2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдар мен қаулыларға сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуда көрсету жолымен бюджетке қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасына қарағандағы белгiленген мерзiмде қалпына келтiрiлген бұзушылықтар сомасының көлемi

3


100% немесе бюджетке қалпына келтірілетін сома жоқ

3


70,0 – 99,9%

2


35,0 – 69,9%

1


34,9%-ға дейін

0

3.3

Қайтарылған және қалпына келтiрiлген сомалардың көлемiн қоспағанда, есептi кезеңдегi мемлекеттік қаржылық бақылау органдары енгізген ден қою актiлерiнiң жалпы санына қарағанда толық және белгіленген мерзімде орындалған мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұсынымдары мен қаулыларының саны

3


100% немесе бюджетке енгізілген ден қою актісі жоқ

3


70,0 – 99,9%

2


35,0 – 69,9%

1


34,9%-ға дейін

0

4

Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметiнiң қызметi – 8 балл

4.1

Ішкi бақылау қызметінің функцияларын бақылау іс-шаралар жоспарымен қамту

2


90,0 – 100 %

2


80,0 – 89,9 %

1


70,0 – 79,9 %

0,5


70 %-ға дейін

0

4.2

Ішкi бақылау қызметтерiнің жұмысында басқару тәуекелдері жүйесін қолдану

2


Тәуекелдер негізінде әзірленген іс-шаралардың болуы

2


Тәуекелдер негізінде әзірленген іс-шаралардың болмауы

0

4.3

Ішкi бақылау қызметін тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдарды орындау

2


100 %

2


70,0–99,9 %

1


35,0-69,9 %

0,5


34,9 %-ға дейін

0

4.4

Мемлекеттiк органның бюджет қаражатының жалпы көлемiнен ішкі бақылау қызметі бақылауымен қамтылған бюджет қаражатының үлесі

1


10%-дан астам

1


7-9,9%

0,5


7%–дан кем

0

4.5

Ішкі бақылау қызметі қорытындыларының мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмейтін үлесі

1


5 %–дан кем

1


5-10 %

0,5


10%-дан астам

0

4.6

Аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) ішкі бақылау қызметімен тексерілудің жүргізілмеуі

4

5

Шығыстардың бекітілген көлеміне бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қайта бөлінген қаражатының көлемі – 4 балл


Шығыстардың бекітілген көлеміне бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қайта бөлінген қаражатының үлесі



15%-дан кем

4


15,0 – 16,3%

3


16,4 – 17,7%

2


17,8 – 19,1%

1


19,2%-дан астам

0

6

Бюджетті атқару жөніндегі ұйымдастыру шаралары - 14 балл

6.1

Мемлекеттiк сатып алу жылдық жоспары тармақтарының жалпы санына қарағанда мемлекеттiк сатып алу жоспарының орындалған тармақтары санының үлесi

3


95 – 100%

3


90 – 94 %

2


50 – 89%

1


0 - 49%

0

6.2

Мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарының жалпы көлемiне қарағанда мемлекеттiк сатып алу жоспарының орындалған тармақтарындағы бюджет қаражаты көлемiнiң үлесi

3


95 – 100%

3


90 – 94%

2


50 – 89%

1


0 – 49%

0

6.3

Бюджеттiк инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайту фактiлерiнiң болмауы

4


Бюджеттiк инвестициялық жобалардың құжаттамасының сметалық құнын ұлғайту пайызы



1 - 13%

3


14 - 26%

2


27 - 39%

1


40%-дан астам

0


Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнде бюджеттiк инвестициялық жобалардың болмауы

2

6.4

Объектiлердi белгiленген мерзiмде тапсыру (iске қосу)

4


Уақтылы

4


Объектіні тапсыру (енгізу) көзделмеген

2


Есептi кезеңде пайдалануға тапсырылуы жоспарланып отырған объектiлердiң жалпы санына қарағанда пайдалануға уақтылы енгiзiлмеген объектiлердiң үлесi



1 – 13%

3


14 – 26%

2


27 – 40%

1


40%-дан астам

0

7

Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу – 18 балл


100%

18


99,9 – 99,3%

16


99,2 – 98,6%

14


98,5 – 97,9%

12


97,8 – 97,2%

11


97,1 – 96,5%

10


96,4 – 95,8%

9


95,7 – 95,1%

8


95,0 – 94,4%

7


94,3 – 93,7%

6


93,6 – 93,0%

5


92,9 – 92,3%

4


92,2- 91,6%

3


91,5 – 90,9%

2


90,8 – 90,2%

1


90,1% және одан кем

0

8

Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелерінің серпіні – 3 балл


Барынша жоғары баллға қол жеткізу (100%)

3


Көрсеткіштердің өсу жағына

2


Көрсеткіштердің азаю жағына немесе бірдей баллдар алу

0

9

Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелілігінің көрсеткіштерін жоспарлау сапасы – 3 балл


Бюджеттік бағдарламада саны жағынан өлшенетін және бағалауға жататын болып табылатын тиімділік көрсеткіштерінің болуы

3


Бюджеттік бағдарламада тиімділік көрсеткіштерінің бірінің болмауы не тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік бермейтін немесе түпкі нәтижелері бар тікелей нәтижелерді қайталайтын сандық сипатының орнына іс-шаралардың болуы

0

10

Бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тиімділігі - 16 балл


99 – 100%

16


97,9 – 98,9%

14


96,8 – 97,8%

12


95,7 – 96,7%

10


94,6 – 95,6%

8


93,5 – 94,5%

6


92,4 – 93,4%

4


91,3 – 92,3%

2


91,2% және одан кем

0

11

Дебиторлық берешектің болмауы – 3 балл


Болмауы

3


Дебиторлық берешектің болуы

0


Ұзақ мерзімді халықаралық бағдарламалар бойынша дебиторлық берешектің болуы

1


Дебиторлық берешектің өзгерістері:



азаю жағына қарай

2


ұлғаю жағына қарай

0

12

Кредиторлық берешектің болмауы – 3 балл


Болмауы

3


Кредиторлық берешектің болуы

0


Ұзақ мерзімді халықаралық бағдарламалар бойынша кредиторлық берешектің болуы

1


Кредиторлық берешектің өзгерістері:



азаю жағына қарай

2


ұлғаю жағына қарай

0

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2013 жылғы 4 cәуірдегі
№ 8432 бұйрығына  
3-қосымша      

Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы    
бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын
атқарушы органдардың, аудандардың (облыстық маңызы
бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының
бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің
тиімділігін бағалау әдістемесіне 8-қосымша  

Нысан

Бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызмет тиімділігін
бағалау нәтижелері бойынша келіспеушіліктер кестесі
_____________________________________________________
(бағаланатын мемлекеттік орган)

р/с №

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы

Бағаланатын мемлекеттік органның қарсылығы

Шағымдану қорытындысы бойынша шешім қабылданады/қабылданбайды

Қарсылықтың қабылданбау себебі

1

2

3

4

5

1




2




Шағымдануды ескере отырып жалпы балл _________________________ құрады

Комиссия төрағасы, лауазымы               қолы     қолды таратып жазу

Шағымдану қорытындысымен таныстым:

Мемлекеттік органның өкілі,               қолы     қолды таратып жазу
лауазымы

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2013 жылғы 4 cәуірдегі
№ 8432 бұйрығына  
4-қосымша      

Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы    
бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын
атқарушы органдардың, аудандардың (облыстық маңызы
бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының
бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің
тиімділігін бағалау әдістемесіне 9-қосымша  

Нысан

Есепті ақпаратта қамтылған деректерді қайта
тексеру қорытындысы бойынша
САЛЫСТЫРУ АКТІСІ
_____________________________________________________________________
(облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы _________________________________  органның, ауданның
(есепті кезең)          
(облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының
атауы)

Атауы

Шегерілетін баллдар

1

Есепті ақпаратты уақтылы ұсынбау


2

Толық емес ақпаратты ұсыну


3.

Дәйексіз ақпаратты ұсыну


Барлығы:


      1. Бағалау кестесіне сәйкес жергілікті атқарушы органның есепті ақпаратты жіберу мерзімі: 20______ жылғы «________» _________________
      Есепті ақпаратты ұсынудың нақты күні: 20___ жылғы «____» ______
      Шегерім: ______ баллды құрайды.

      2. Толық емес ақпарат ұсынылды, оның ішінде есепті ақпараттың құрылымында белгіленген талаптарда көзделген мынандай элементтер (қосымшалар, бөлімдер, кестелері, көрсеткіштердің мәндері және т.б.) жоқ:
      1) ____________________________________________________________
      2) ____________________________________________________________
      …
      Шегерім: ______ баллды құрайды.
      3. Дәйексіз ақпарат ұсынылды. Қайта тексеру барысында мынадай дұрысқа сәйкес келмейтін фактілер анықталды:
      1) ____________________________________________________________
      2) ____________________________________________________________
      …
      Шегерім: ______ баллды құрайды.
      ЖИЫНТЫҚ ШЕГЕРІМ: ______ балл.

Уәкілетті органның өкілі,
лауазымы                     _________  ________ ____________________
                              (күні)    (қолы)  (қолды таратып жазу)

Бағаланатын жергілікті атқарушы
органның өкілі, лауазымы         ______  _______ ____________________
                                 (күні)   (қолы) (қолды таратып жазу)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады