Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтауына жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 70 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 01-04-03/27НҚ бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 29 сәуірде № 8440 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 25 маусымдағы № 221 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 476 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 25.06.2015 № 221 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.06.2015 № 476 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 7-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Бекітілсін:
      1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жеке кәсіпкерлік саласында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері;
      2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жеке кәсіпкерлік саласында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде сақталуы бойынша тексеру парағының нысаны.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бірлескен бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.О. Қырықбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы             Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және ақпарат              Премьер-Министрінің
            министрі                      Бірінші орынбасары –
                                         Қазақстан Республикасы
                                         Өңірлік даму министрі

      _________ М.Құл-Мұхаммед           _____________ Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы      
Мәдениет және ақпарат министрінің
2013 жылғы 29 наурыздағы № 70  
және Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің Бірінші  
орынбасары – Қазақстан    
Республикасы Өңірлік даму  
министрінің         
2013 жылғы 29 наурыздағы   
№ 01-04-03/27НҚ       
бірлескен бұйрығына    
1-қосымша         

Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде
Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтауына жеке
кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері

      1. Осы деректемелер мен көрнекі ақпараттар саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» (бұдан әрі – Заң) 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.
      2. Осы өлшемдерде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) бақылау субъектілері – өз қызметі барысында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпараттарды орналастыру бөлігінде деректемелер мен көрнекі ақпаратты пайдаланатын жеке кәсіпкерлік субъектілері;
      2) тәуекел – жеке кәсіпкерлік субъектілері тарапынан Заңға сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпараттарға қойылатын талаптардың сақталмауы нәтижесінде қоғамдық қарым-қатынастарға, жеке және заңды тұлғалардың заңдық мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы.
      3. Жеке кәсіпкерлік саласында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының деректемелер мен көрнекі ақпараттарды орналастыру бөлігінде сақталу Өлшемдері мыналарға бөлінеді:
      1) объективтiк, бақылау субъектiлерiнiң жүзеге асыратын қызмет түрлерiне байланысты тәуекелдердiң маңыздылығына негiзделген;
      2) субъективтiк, тексерулер нәтижелерi бойынша анықталған бақылау субъектiлерiнiң лицензиялау саласындағы заңнаманы бұзушылыққа жол беруiне байланысты анықталады.
      4. Бақылау субъектiлерiн тәуекел топтарына бастапқы жатқызу объективтiк өлшемдер есебiмен жүзеге асырылады.
      5. Бақылау субъектiлерiн тәуекел топтарына одан кейiнгi жатқызу субъективтiк өлшемдер есебiмен жүзеге асырылады.
      6. Бақылау субъектілері жоспарлы тексерулерді өткізудің жоғары, орташа немесе елеусіз тәуекел топтарына жатқызылып, тәуекел дәрежесіне байланысты:
      объектілердің жоғарғы дәрежелі тәуекелінде – жылына бір реттен;
      объектілердің орташа дәрежелі тәуекелінде – үш жылда бір реттен;
      объектілердің елеусіз дәрежелі тәуекелінде – бес жылда бір реттен жиі емес кезеңдiлiкте жүргiзiледi.
      7. Бастапқыда бақылаудың барлық субъектілері тәуекелдің елеусіз дәрежелі тобына жатады.
      8. Тәуекел өлшемдерi бойынша балдар жалпы жиынтық қорытындыны анықтау үшiн қосылады.
      9. Жиынтық қорытынды нәтижелерi бақылау субъектiлерiн тиiстi тәуекел дәрежелерi бойынша бөлу үшiн мынадай тәртiпте пайдаланылады:
      1) елеусiз тәуекел тобына тексерулер нәтижесiнде 0-ден 2 балға дейiн жинаған бақылау субъектiлерi жатқызылады;
      2) орташа тәуекел тобына тексерулер нәтижесiнде 3-тен 9 балға дейiн жинаған бақылау субъектiлерi жатқызылады;
      3) жоғарғы тәуекел тобына тексерулер нәтижесiнде 10 және одан жоғары балл жинаған бақылау субъектiлерi жатқызылады.
      10. Егер объектіде күнтізбелік жыл (жарты жыл) ішінде тексерулер барысында бұзушылықтар анықталған не анықталмаған болса, онда алдағы жартыжылдыққа тексерулер жоспарын құру кезінде объектілер жинаған баллының мөлшеріне байланысты объектілер топтардың жүйелілігіне қарамастан, топтан топқа ауыстырылады немесе тиісті топта қалдырылады.
      11. Тәуекел дәрежесін бағалаудың Өлшемдері болып мыналар табылады:
      меншік нысанына қарамастан мөрлер мен мөртабандардың мәтіндерін мемлекеттік және орыс тілдерінде жазу ретінің сақталмауы – 2 балл;
      бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткіштері басқа да көрнекі ақпараттардың мемлекеттік және орыс тілдерінде (қажет болған жағдайда басқа тілдерде де) мәтіндерін жазу ретінің сақталмауы – 3 балл;
      Қазақстанда өндірілетін тауарлардың арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмаларында (этикеткалары), таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттік және орыс тілдерінде қажетті ақпараттың болмауы – 3 балл;
      шетелде өндірілген тауарлардың арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмалары (этикеткалары), таңбаламалары, нұсқаулықтарында мемлекеттік тілде және орыс тілдеріндегі қажетті ақпараттың болмауы – 3 балл;
      көрнекі ақпараттың барлық түрлерінің мәтіндерін орналастыру тәртібінің сақталмауы – 3 балл.
      12. Бақылау субъектiлеріне бiр тәуекел тобы iшiнде жоспарлы тексеру өткiзу үшiн таңдау мынадай қағидат бойынша жүзеге асырылады:
      1) анағұрлым үлкен тексерiлмеген кезең;
      2) жинаған балдарының анағұрлым үлкен саны.

Қазақстан Республикасы      
Мәдениет және ақпарат министрінің
2013 жылғы 29 наурыздағы № 70 
және Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің Бірінші  
орынбасары – Қазақстан     
Республикасы Өңірлік даму   
министрінің          
2013 жылғы 29 наурыздағы   
№ 01-04-03/27НҚ       
бірлескен бұйрығына    
2-қосымша         

Жеке кәсіпкерлік саласында деректемелер мен көрнекі ақпаратты
тексерулер бойынша Қазақстан Республикасы тіл туралы
заңнамасының сақталуының
тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
                                              (№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                              ЖСН/БСН
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________

Талаптар тізбесі

Ия

Жоқ

1

меншік нысанына қарамастан мөрлер мен мөртабандардың мәтіндерін мемлекеттік және орыс тілдерінде жазу ретінің сақталмауы



2

бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткіштері басқа да көрнекі ақпараттардың мемлекеттік және орыс тілдерінде (қажет болған жағдайда басқа тілдерде де) мәтіндерін жазу ретінің сақталмауы



3

Қазақстанда өндірілетін тауарлардың арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмаларында (этикеткалары), таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттік және орыс тілдерінде қажетті ақпараттың болмауы



4

шетелде өндірілген тауарлардың арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмалары (этикеткалары), таңбаламалары, нұсқаулықтары мемлекеттік және орыс тілдерінде аудармалары мен қажетті ақпараттың болмауы



5

көрнекі ақпараттың барлық түрлерінің мәтіндерін орналастыру тәртібінің сақталмауы



Тексеруді жүргізген (жүргізгендер):

      ________________ _________ ____________________________________
         (лауазымы)      (қолы)   (тегі, аты және болса әкесінің аты)
      ________________ _________ ____________________________________
         (лауазымы)      (қолы)   (тегі, аты және болса әкесінің аты)

Бақылау субъектісінің
басшысы:

      ________________ _________ ____________________________________
         (лауазымы)      (қолы)   (тегі, аты және болса әкесінің аты)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады