"Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді дайындау және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 186 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 4 мамырдағы № 189 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 03 маусымда № 8491 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 95 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.11.2014 № 95 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтармен операция жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 қаулысының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді дайындау және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 186 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6987 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 81 (1897) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу ережелерiнде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) кесiмдi баға – тендерлік комиссиямен бекітілген және тендер өткiзу туралы хабарламада жарияланған тауар бірлігі үшін бастапқы баға;
      2) мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарымен операция жасау жоспары – мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын жеткiзудi, сақтауды және шығаруды реттейтiн құжат (бұдан әрi – Операция жасау жоспары);
      3) өтiнiм бағасы – үмiткердiң тендерлiк өтiнiмінде көрсеткен тауарға ұсынған бағасы;
      4) тауар – осы Ережелерге сәйкес мемлекеттiк материалдық резервтен шығаруға жататын материалдық құндылықтар;
      5) тендер – осы Ережелермен белгiленген тәртiппен жүзеге асатын мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сатудың нысаны;
      6) тендерлiк комиссия – тендердi ұйымдастыру және өткiзу үшiн уәкiлеттi орган құрған комиссия;
      7) тендерлiк өтiнiм – мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатып алуға оның келісім беруінің нысаны болып табылатын үмiткердiң тендерлiк ұсынысы;
      8) тендердi ұйымдастырушы – уәкілетті орган, ведомствосы және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары;
      9) уәкiлеттi орган – мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      10) уәкілетті органның ведомствосы – мемлекеттік материалдық резерв саласындағы іске асыру функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға;
      11) үмiткер – тендерге қатысқысы келген жеке немесе заңды тұлға.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Тендерлiк комиссия:
      1) өз жұмысының регламентiн әзiрлейдi. Тендерлік комиссияның жұмыс регламенті уәкілетті органның басшысымен бекiтіледi;
      2) тендер өткiзу туралы хабарламаны бекітеді;
      3) сатылатын тауарлар бойынша лоттар құрамын бекітеді;
      4) кесімді бағаны бекітеді;
      5) үмiткерлердiң тендерге қатысуға өтiнiмдерiн қарайды;
      6) тендер өткiзедi және ол бойынша шешiм шығарады.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Тендердi ұйымдастырушы тендер өткiзу туралы хабарлама бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кеш емес, бірақ үміткерлердің тендерге қатысуға өтінімдерін беретін соңғы күнге дейін кемiнде 30 (отыз) күнтiзбелiк күн бұрын тендерді ұйымдастырушының интернет-ресурсында тендер өткізу туралы хабарлама мәтінін орналастырады.»;
      15-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе анықтама;»;
      15-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-2. Үміткер тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді, өзінің:
      1) тендерге қатысуға өтінімін мұндай өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алмайтындығының не өзгертпейтіндігінің және (немесе) толықтырмайтындығының;
      2) оны тендер жеңімпазы деп таныған жағдайда уәкілетті органның ведомствосымен сатып алу-сату шартын жасасатындығының;
      3) онымен сатып алу-сату шарты жасалған жағдайда сатып алу-сату шартының талаптарын тиісті түрде орындайтындығының кепілі ретінде енгізеді.»;
      15-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-3. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету лот сомасының 3 (үш) пайызы мөлшерінде енгізіледі.
      Банк кепілдігі уәкілетті орган ведомствосы сатып алу-сату шартын тіркегенге дейін қолданылады және егер екінші деңгейдегі банктер сатып алу-сату шартын орындау мерзімі аяқталған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жазбаша талап алмаса толық және автоматты түрде күшін жояды.»;
      15-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-5. Тендерді ұйымдастырушы тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде қайтармайды:
      1) үміткер тендерге қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерге қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;
      2) тендер жеңімпазы деп айқындалған үміткер сатып алу-сату шартын жасасудан жалтарса;
      3) тендер жеңімпазы сатып алу-сату шартының талаптарын орындамаса немесе тиісінше орындамаса. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалу тендер жеңімпазын сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін толық көлемде орындаудан босатпайды.
      Жоғарыда көрсетілген жағдайлардың бірі туындаған кезде тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасы республикалық бюджеттің кірісіне есептеледі.»;
      15-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-6. Тендерді ұйымдастырушы үміткерге ол енгізген тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарады:
      1) осы үміткер өзінің тендерге қатысуға өтінімін тендерге қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;
      2) тендер қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылғанда. Осы тармақша тендер жеңімпазы деп танылған үміткерге қолданылмайды;
      3) тендерді ұйымдастырушы тендер өткізуден бас тартқан кезде.»;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Тендерге үмiткерлердi тiркеу тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен басталады және тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашатын күннің алдындағы күні сағат 18.00 аяқталады.»;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Тендерлiк комиссияның отырысы тендерлiк комиссия мүшелерiнiң жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткiзiледi және тендерлiк комиссияның қатысқан мүшелерi, оның төрағасы, оның орынбасары және тендерлік комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Тендерлiк комиссия мүшесi болмаған жағдайда тендерлiк комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебi көрсетiледi.
      Тендерлiк комиссияның отырысы тек оның төрағасы не оны алмастыратын тұлға қатысқан жағдайда өткiзiледi.»;
      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Тендерлiк комиссия үмiткердiң тендерге қатысуға өтiнiмiн:
      1) тендерге қатысуға өтінімнің осы Ережелердің 16, 18-тармақтарына сәйкес келмеуі;
      2) осы Ережелерге 1-қосымшаға (жеке тұлға үшін), 2-қосымшаға (жеке кәсіпкер үшін), 3-қосымшаға (заңды тұлға үшін) сәйкес тендерлік өтінімді ұсынбаған;
      3) тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасын ұсынбаған;
      4) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 55 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5231 тіркелген) талаптарын бұза отырып берілген банк кепілдігін ұсынған;
      5) банк немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасында үміткердің барлық міндеттемелерінің түрлері бойынша осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің болуы;
      6) толық емес немесе дәл емес ақпарат ұсынған;
      7) үмiткердiң ұсынған бағасы кесiмдi бағадан төмен болған;
      8) тендерлік өтінімде көрсетілген тауар көлемі тендер өткiзу туралы хабарламада көрсетілгеннен төмен болған;
      9) тендерлік өтінімде көрсетілген тауарды төлеу мерзімі, тауарды шығарып алу мерзімі тендер өткiзу туралы хабарламада көрсетілгеннен жоғары болған;
      10) тендерлік өтінімде көрсетілген бағалар мен мерзімдердің сандық мәнінің оның мәтіндік бөлігіне сәйкес келмеген;
      11) тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы тендерге қатысуға өтінімнің түпнұсқасымен бірге тігілген жағдайларда алып тастайды.»;
      мынадай мазмұндағы 38-1, 38-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «38-1. Сатып алу-сату шарты тендерді ұйымдастырушы мен тендер жеңімпазы осы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық және тиісті орындаған жағдайда орындалды деп саналады.
      38-2. Тендерді ұйымдастырушы тендер жеңімпазына ол енгізген тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді сатып алу-сату шарттарын толық және тиісті орындағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарады.».
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           В.Божко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады