Монополиялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының 2013 жылғы 28 мамырдағы № 139-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 01 шілдеде № 8534 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 302 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.04.2015 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының  16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Монополиялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістеме бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – Агенттік) Тергеу департаменті (Ә.Н. Хатиев) мен Агенттіктің Заң қызметі департаменті (А.М. Қанапин) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Агенттіктің Әкімшілік департаменті (Қ.М. Қалдықараев) осы бұйрықты Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының орынбасары Ә.Б. Мәтішевке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                           Б. Қуандықов

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі
      _____________ Е. Досаев
      2013 жылғы 29 мамыр

Қазақстан Республикасы   
Бәсекелестікті қорғау агенттігі
(Монополияға қарсы агенттік)
төрағасының         
2013 жылғы 28 мамырдағы    
№ 139-НҚ бұйрығымен бекітілген

Монополиялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістеме

      1. Монополиялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      Осы Әдістеменің мақсаты тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі (бұдан әрі - Субъект) белгілейтін монополиялық төмен бағаны айқындау болып табылады.
      2. Осы Әдістеме монополиялық темен бағаны белгілеуден көрінетін үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы анықталған кезде қолданылады.
      3. Осы Әдістемеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңдарында анықталатын мағыналарда пайдаланылады.
      4. Монополиялық төмен бағаны белгілеу туралы мәліметтерді қарау шеңберінде монополияға қарсы орган мынадай іс-әрекеттерді жүргізеді:
      1) тауар нарығында бағаларды мемлекеттік реттеудің болу фактісін белгілейді;
      2) Заңмен бекітілген бәсекелестік нарықта қандай да бір тауарды өндіруге, өткізуге немесе сатып алуға арналған мемлекеттің айрықша құқығының (мемлекеттік монополия) болу фактісін белгілейді;
      3) нарық субъектісінің Үстем немесе монополиялық, жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде (бұдан әрі - Тізілім) болмау фактісін белгілейді;
      4) Тізілімге енгізілген нарық субъектісінің үстем үлесін белгілейді.
      5. Осы Әдістеменің 4-тармағының 1)2)3) тармақшаларында көзделген талаптардың біреуі белгіленген жағдайда, монополиялық төмен бағаны белгілеу туралы тергеу жүргізілмейді.
      6. Монополияға қарсы орган тауар нарығына талдау жүргізгеннен және Субъектіні Тізілімге енгізгеннен кейін нарық субъектісінің іс-әрекеттерінде монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін нақты деректер болған кезде Заңда белгіленген тәртіппен тергеу жүргізеді.
      7. Монополияға қарсы орган монополиялық темен бағаның мынадай:
      1) осы баға нақ сол тауар нарығында Субъектімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектісі белгілейтін бағадан төмен болу;
      2) осы баға осындай тауарды өндіру мен өткізудің нақты шығыстары сомасынан төмен болу белгілерін анықтау мақсатында тауар нарығындағы тауар өндіру (өткізу) бағасының серпініне талдау жүргізеді.
      8. Тергеу жүргізу кезінде Субъектінің монополиялық төмен бағаны белгілеу жөніндегі іс-әрекеттерін растайтын фактілердің болуы белгіленеді.
      9. Монополияға қарсы орган тиісті тауар нарығында Субъектімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектілері белгілейтін тауар бағасының деңгейін талдайды. Бағаларды талдау кезінде тауардың сапалық өлшемдері ескеріледі.
      10. Субъект белгілеген баға нақ сол тауар нарығында Субъектімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектілері белгілеген бағадан жоғары болған жағдайда, онда Субъектінің бағасы монополиялық төмен деп танылмайды.
      Егер Субъект белгілеген баға нақ сол тауар нарығында Субъектімен бір тұлғалар тобына кірмейтін, нарық субъектілері белгілейтін бағадан төмен болса, монополияға қарсы орган Субъектінің осындай тауарды өндіру және өткізудің нақты шығыстарына талдау жүргізеді және Субъектінің жағдайы үстем деп танылатын тауарға Субъектінің төмен баға белгілеуінің мән-жайын анықтайды.
      11. Шешім қабылдау үшін монополияға қарсы орган талдау, оның ішінде:
      1) Субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметіне;
      2) Субъектінің жағдайы үстем деп танылатын тауардың өндірістік және толық өзіндік құнының серпініне;
      3) Субъектінің жағдайы үстем деп танылатын тауар бағасының серпініне;
      4) Субъектінің тауар өндіру (өткізу) көлемінің серпініне;
      5) нәтижесінде Субъектінің жағдайы үстем деп танылатын тауар бағасы тікелей немесе жанама қалыптастырылатын шарттарға;
      6) өндірістік шығындарға және кезең шығыстарына;
      7) Субъект ұсынған өзге де негіздемелік материалдарға жүргізеді.
      12. Субъектінің жағдайы үстем деп танылатын тауар өндірумен (өткізумен) тікелей байланысты Субъектінің нақты шығыстарын айқындау кезінде:
      1) растайтын құжаттарда (шарттар, шот-фактуралар) көзделген бағаларды және материалдық ресурстардың физикалық көлемін негізге ала отырып, тауардың бір бірлігін шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, материалдық ресурстар энергиясы шығысының қолданылатын нормаларын және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларын негізге ала отырып айқындалатын өзіндік құнға кіретін материалдық шығыстар;
      2) еңбек жағдайлары үшін еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген қосымша ақылар мен үстемеақылар төлеуді қоса алғанда, персоналға еңбекақы төлеуге жұмсалған шығыстар;
      3) қарыз қаражаттары үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар;
      4) Субъектінің тауар өндіруіне (өткізуіне) тікелей қатысты басқа да шығыстар ескеріледі.
      13. Субъектінің өндірілетін (өткізілетін) тауарға төмен бағаны белгілеуінің мән-жайын талдау кезінде монополиялық төмен бағаны белгілеуден көрінетін, Субъектінің іс-әрекеттері үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану деп танылмайтын мынадай мән-жайлар:
      1) тез бұзылатын тауарларды өткізу;
      2) тауарды сақтау мүмкіндігінің болмауы;
      3) тауар өндірудің (өткізудің) маусымдылығы;
      4) ақауы немесе бүлінуі салдарынан тауар бағасын арзандату;
      5) бәсекелестікті шектеуге әкеп соқпайтын жарнамалық немесе қайырымдылық акцияларын өткізу;
      6) Субъектінің осы тауарды өндіруді (өткізуді) тоқтатуына байланысты жаппай сатуды жүргізу;
      7) сыртқы факторлардан туындаған нарықта бағаның жалпы төмендеуі ескеріледі.
      14. Талдау нәтижелері бойынша лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) Заңның 67-бабына сәйкес қорытынды дайындайды.
      15. Монополиялық төмен баға белгіленген жағдайда, монополияға қарсы орган Заңның 68-бабына сәйкес монополиялық табыстың есебін жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады