"Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтары) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 шілдедегі № 254 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 шілдеде № 8579 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 446 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 06.09.2018 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтары) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7796 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2012 жылғы 1 тамызда № 245-246 (27064-27065) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кәсіптері (мамандықтары) бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру қағидаларында:

      4-тармақты 7) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:

      "7) біліктілік комиссиясы (бұдан әрi - БК) - емтихан тапсырушылардың білімдері, шеберліктері мен дағдыларының деңгейін, олардың оқу бағдарламалары мен біліктілік сипаттамаларына сәйкестігін анықтайды.";

      5, 6, 7 және 8–тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Техникалық және кәсіптік білім бейіндері бойынша КДДБ өткізу және техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кәсiптерi (мамандықтары) бойынша біліктілікті беру үшін сертификаттау жөніндегі тәуелсіз БК құрады. БК мүшелерінің саны кемінде 3 (үш) адамды (тақ сан) құрайды.

      6. БК құрамы тестіленетін кәсіптердің (мамандықтардың) тиісті кәсіптер мамандары қатарынан КДДБ өткізуден кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын құрылады.

      7. БК төрағасы ірі кәсіпорындар, шағын және орта бизнес ұйымдары немесе жұмыс берушілер қауымдастықтары өкілдерінің арасынан тағайындалады.

      8. БК төрағасының тестіленетін кәсіптер (мамандықтар) бойынша тиісті мамандығы бар.";

      11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. БК құрамы, олардың жұмысын ұйымдастыру, тракторларды және басқа да өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы мелиоративтiк көлiктерiн, сондай-ақ автокөлiк құралдарын басқаруға берiлетiн куәлiктердi беру тәртiбi.

      Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 1556 Қаулысына сәйкес анықталады.".

      2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Министр

Б. Жұмағұлов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады