"Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 01 шілдедегі № 200 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 26 шілдеде № 8580 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрiнiң 24.11.2014 № 511 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8399 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларында:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Бюджеттiк өтінім:
      стратегиялық жоспар жобасының және (немесе) стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобасының;
      стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының;
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8397 санымен тіркелген) бекітілген (бұдан әрі - Бірыңғай бюджеттік сыныптама) Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының;
      өткен жоспарлы кезеңнің бюджеттің өтінімінің;
      есепті қаржы жылындағы стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есептің;
      заттай нормалардың негізінде жасалады.»;
      6-тармақта:
      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк кредиттеу арқылы iске асыруға ұсынып отырған бюджеттiк бағдарламалар бойынша бюджеттiк кредиттеудiң орындылығы туралы мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қорытындысын;»;
      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «25) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган сұрататын басқа да қажетті ақпаратты қамтиды.
      «Ерекше маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған бюджеттiк инвестициялар бойынша мынадай құжаттар берiледi:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң және/немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi тапсырмаларының көшiрмелерi;
      жылдар бойынша бөле отырып, жоба құнының негiздемесi жөнiндегi есептеу;
      бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiнiң жобаны iске асырудың орындылығына қатысты қорытындысы;
      қажет болған жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган сұрататын басқа да құжаттар берiледi.»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге бағытталған бюджеттiк бағдарламалар бойынша шығыстар есептеулерi бекiтiлген заттай нормалардың негізінде жасалады.»;
      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «53. Осы Қағидалардың 62-қосымшасына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның сұрауы бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi іс-шаралар бөлінісінде бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығыстар тізбесін береді.»;
      58 және 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «58. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 66-бабына сәйкес (бұдан әрі - Бюджеттік кодекс) ағымдағы қаржылық жылының 15 мамырына дейінгі мерзімге тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджет шығыстарын жоспарлау үшін мемлекеттік жоспарлау бойынша орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға стратегиялық жоспарларының жобасын немесе стратегиялық жоспарларына өзгертулер мен толықтырулар жобасын және бюджеттік өтінімдер ұсынады.
      Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалар жобасын ұсынады.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттарға бағалау қорытындысы жүргізілген жағдайда, бағалаудың қорытындысы тіркеледі.
      59. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттiк өтiнiмдi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға қағаз тасығышта нөмiрленген беттерiмен, кiтапша түрiнде және мемлекеттiк органдардың электрондық құжат айналымы бiрыңғай жүйесiн пайдалану арқылы электрондық құжат түрiнде енгiзедi, сондай-ақ бюджеттiк өтiнiм деректерiн мемлекеттiк жоспарлаудың ақпараттық жүйесiне енгiзедi.
      Мемлекеттiк жоспарлаудың ақпараттық жүйесiнде бюджеттiк өтiнiм болмаған (оның iшiнде бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша шығыстар есептеулерiнiң нысандары толық толтырылмаған жағдайда) және/немесе қағаз тасығышта берiлген бюджеттiк өтiнiммен сәйкес келмеген жағдайда, аталған бюджеттiк өтiнiм республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне қараусыз қайтарылады.
      Бұдан басқа республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бюджеттiк өтiнiмдер жөнiндегi ақпаратты қалыптастыру үшiн бюджеттiк жоспарлау және болжамдау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесiне:
      Осы Қағидалардың 51-қосымшасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстарының жиынтық есептеуінің көшiрмесiн;
      Осы Қағидалардың 52-қосымшасына сәйкес бюджеттiк бағдарламалар жиынтық тiзбесiнiң көшiрмесiн;
      Осы Қағидалардың 57-тармағында көзделген түсiндiрме жазбаның көшiрмесiн ұсынады.»;
      6162636465 және 66-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «61. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бірыңғай бюджеттік сыныптама және республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң ұсыныстары негiзiнде республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің бюджеттiк өтiнiмдердi уақтылы ұсынуы үшiн бюджеттi жоспарлау бойынша ақпараттық жүйелердiң дайындығын қамтамасыз етедi.
      62. Бюджеттiк өтiнiмдi ұсыну күнi мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органда тiркелген күнi болып есептеледi.
      63. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттiк өтiнiмдердi жасалуы және ұсынылуы Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамаларына сәйкес келмеген кезде оларды бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне қарамастан қайтарады.
      64. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi пысықталған бюджеттiк өтiнiмдi ол қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.
      65. Әрбiр бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк өтiнiмiн қарау мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органда тіркелген күнiнен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
      66. Бюджет кодексінің 68-бабына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар есепті қаржы жылында бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін ескере отырып:
      1) Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамасына, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкестігіне стратегиялық жоспарларының жобалары немесе стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар жобалары;
      2) Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамасына, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы натуралды нормаларға және стратегиялық жоспарларының жобалары немесе стратегиялық жоспарларына өзгертулер мен толықтырулар жобалары;
      3) Бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштері, стратегиялық жоспарларының жобалары немесе стратегиялық жоспарларына өзгертулер мен толықтырулар жобалары құрамымен берілген олардың стратегиялық мақсаттармен және стратегиялық бағыттағы тапсырмалармен байланыстығы;
      4) Стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған бюджеттік бағдарламалар жобаларының нәтижелігінің және тиімділігінің көрсеткіштері, олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің әрекеттерінің бағытына уәкілеттілігіне, қызметтеріне сәйкестігін қарайды.»;
      Мынадай мазмұндағы 67, 68, 69 және 70-тармақтармен толықтырылсын:
      «67. Тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті орган:
      1) өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың атқарылуын талдау және оларды келесі жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімде ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың сомаларымен салыстыру арқылы өткен қаржы жылындағы республикалық және тиісті жергілікті бюджеттің атқарылу нәтижелерін, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатын игерілмеуіне әкеп соқтырған себептерді;
      2) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынған есепті қаржы жылындағы стратегиялық жоспарлардың іске асырылуы туралы есептерді және бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізу бөлігінде бюджет қаражатын басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін;
      3) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері өтінім берген шығыстарды оның негізділігі тұрғысынан қарау бөлігінде өткен қаржы жылындағы республикалық тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары берген қорытындылар мен ұсынымдарды ескереді;
      4) жаңа бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жобаның өтімділігі, жоба аяқталғаннан кейін оны ұстауға арналған шығыстардың негіздемесі, жалғасатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша – бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру мониторингінің нәтижелері қаралады;
      5) бюджеттік кредиттер бойынша кредиттік шарт талаптарын орындау және бюджеттік кредитті нысаналы мақсат бойынша пайдалану ескеріледі;
      6) шешілуіне нысаналы трансферттер бойынша келісім жобаларында көзделген нысаналы трансферттер бөлінетін нысаналы трансферттер бойынша мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді талдау ескеріледі.
      68. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық және жергілікті уәкiлеттi органдар стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын бюджеттiк өтiнiмдердi, стратегиялық жоспарларды әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң шығыстары бойынша қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына жiбередi.
      69. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органдар арасындағы келiспеушiлiктердi тиiстi бюджет комиссиясы қарайды.
      Тиiстi бюджет комиссиясы осы қағиданың 66 және 68-тармақтарында көрсетілген бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң шығыстары бойынша қорытындыны қарайды және ол бойынша ұсыныстар әзiрлейдi.
      70. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық және жергілікті уәкiлеттi органға пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулардың жобаларын бюджеттiк өтiнiмдердi, ұсынады.
      Стратегиялық жоспарды әзірлемейтін бюджеттік бағдарлама әкімшісі мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органға пысықталған бюджеттiк бағдарламалардың жобаларын ұсынады.».
      2. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Т.М. Савельева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр                                      Е. Досаев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады